×

“Нұротанның” деуші ең ғой бәрі алаяқ -  Балғынбек Имашев  Ринат Зайытовқа ренішін өлеңмен жеткізді

Ринат Зайытовтың "Алаяқтықтың 80 пайызын жасап отырған намазхандар қауымы" деген мәлімдемесі әлеуметтік желіде дау туғызды

 

“Нұротанның” деуші ең ғой бәрі алаяқ -  Балғынбек Имашев  Ринат Зайытовқа ренішін өлеңмен жеткізді

Ринат Зайытовтың "Алаяқтықтың 80 пайызын жасап отырған намазхандар қауымы" деген мәлімдемесіне орай ақын Балғынбек Имашев өлеңмен жауап берді, - деп хабарлайды Qaz365.kz

Дүмше депутатқа

Ермановтың кешегі “мықты” ақыны,
Ей, Зайытов Ринат Рифхатұлы!
Қаһарынан Құдайдың қорықпайтын,
Жаңа Қазақстанның вип “батыры”…

Басқа шығып барасың үндемесек,
Лақтырасың тасадан дінге кесек.
Кішірейіп кешірім сұрай салсаң,
Жанған отты өршітіп үрлемес ек.

Сұра десе кешірім бұлданасың,
Жасалды деп шабуыл жынданасың.
Мансабың да уақытша, атағың да,
Құдай үшін қауқарсыз құл ғанасың!

Сәжде қылған маңдайды алаяқ деп,
Жалған айып тағасың оңай-ақ кеп.
Ауызыңда бес хадис, он аят жоқ,
Жүрегіңді айтасың қалай ақ деп?

Алатауда жүр едің жалаңаяқ,
Депутат қылды сені “ағаң” аяп.
Сен барған соң “Аманат” түзелді ме,
“Нұротанның” деуші ең ғой бәрі алаяқ?

Негізінде білімсіз, ойша нәнсің,
Келген сөзді аузыңа дей саларсың.
Адамның да заңынан хабарың жоқ,
Алланың да дінінен бейхабарсың.

Қосановпен қатырдың дым демедік,
Қошановқа шақырдың үндемедік.
Мың сүрініп жатсаң да ақындықпен,
Ақталуды білесің бірдеңе ғып.

Ата дінмен алысқан Мәжілісмен,
Айыптадың бауырды ауыр іспен.
Елдің жауы мұсылман қауым емес,
Жау іздесең шатаспа әдірістен!

Елдің жауы - жемқорлар төбедегі,
Елдің жауы - тышқандар кемедегі.
Ұрыға емес құрығын дінге салған,
Депутаттың сенбісің көрегені?

Парламентте сен болсаң ең ақылды,
Неге қазір жармайсың қара қылды?
Неге айтпайсың парақор әкімдерді,
Неге айтпайсың зинақор, педафилді?

Дін - Аманат, елді одан кім тия алат?
Діл - Аманат, кім оны сілки алат?
Партияны ұятқа қалдырдың да,
Аманатқа жасадың шын қиянат!

Сөйлей берме ойыңша жорып қана,
Бере алмайсың сен дінге толық баға.
Шын мұсылман қиянат жасамайды,
Бізден емес Құдайдан қорық, бала!

Құлақкесті Құдайдың құлы, Ринат,
Жала жауып жасадың ірі ғибат.
Мүміндерге мың бәле жапқаныңнан,
Ар-Рахманның қалмайды Діні қирап.

Сұрамаймыз біз сенен қимасыңды,
Жамағатты жау санап, жима ашуды.
Қателікті мойындап момын болсаң,
Тәубеге кеп, Аллаға и басыңды!

Балғынбек Имаш

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматыдағы Аюсай шатқалы қоқыстан тазартылды
Кеше, 17:35

Алматыдағы Аюсай шатқалы қоқыстан тазартылды

Туристер мен Алматы тұрғындары 300 кг қоқыс жинады.
Ұсталғандардың бірнеше алаяқтық фактілеріне қатысы бар екені анықталды
"Менің елім - менің Туым" акциясы аясында республика қалаларында 10 мыңға жуық ту ілінетін болады
ІІМ Қазақстан азаматтарын заңды және жол-көлік ережелерін қатаң сақтауды ескертеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →