×

Алматыда  кимешек киген апалар хиджапқа қарсылық акциясын өткізді

Қазақтың аналары кимешек киген дейді акция ұйымдастырушылары

Алматыда  кимешек киген апалар хиджапқа қарсылық акциясын өткізді
Qaz365.kz коллажы

Әлеуметтік желіде кимешек киіп, көшеге шығып, ұран тастаған бір топ апаның видеосы тарады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Біз хиджапқа қарсымыз. Бұл арабтардың киімі. Қазақтың аналары кимешек киген. Бұл 2-3 ғасырдан бері жалғасып келеді.  Ұрпақтан-ұрпаққа берілген дәстүріміз.  Мұның бәрі қазақ әйелінің тектілігін, ар-ұятының жоғары екенін көрсетеді», - дейді ортаға шығып сөйлеген апалардың бірі.

Акция барысында олар жас келінге кимешек кигізіп көрсетті.
Айта кетейік, кимешек – тұрмысқа шыққан әйелдің бас киімі. Кимешектің әйелдің бет-жүзін көрсетуге арналған ойығы бар, әйелдің иығын, омырауын жауып тұратын бөлігі болады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Бүгінгі күні халықты мазалап отырған – бағаның өскені, шарықтап кетіп бара жатқаны, жұмыссыздық
«Жастар үні» Республикалық қоғамдық бірлестігінің жоба жетекшісі, саясаттанушы Мақсат Жақаумен сұхбат

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →