×

Ешқандай кепілдік бере алмаймыз. Вице-министр жылыту маусымына қалалардың дайындығы туралы айтты

Вице-министр Жандос Нұрмағанбетов биыл жылыту маусымына қатысты мәселелерге жауап берді

Ешқандай кепілдік бере алмаймыз. Вице-министр жылыту маусымына қалалардың дайындығы туралы айтты
Qaz365.kz коллажы

Үкімет отырысынан кейінгі баспасөз мәжілісіндп Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов биыл жылыту маусымына қатысты мәселелерге жауап берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Алдымен кезекте бұл былтырғы жылыту маусымында проблема болған қалаларға қатысты. Биыл жылыту кезеңі штаттық режимде өтеді деп жоспарлап отырмыз. Дегенмен ешқандай кепілдік бере алмаймыз. Бүгінде бізді Ақтау қаласындағы жағдай алаңдатады. Нақтырақ, МАЭК бойынша мәселе әлі де бар. Теміртаудағы №2 жылу электр орталығындағы жұмыстар кешігіп жатыр», - дейді вице-министр.

Ол Екібастұзда жылыту маусымына дайындық аяқталып қалғанын айтты. 

«Екібастұзда биыл мәселе туындамайды деп ойлаймыз. Ал шығыстағы Риддерде қаржы кеш бөлінді. Қазір жөндеу жүріп жатыр, қыркүйектің соңына қарай екі қазандық дайын болады деген жоспар бар. Бұл қалалардағы жағдайды Энергетика министрлігі ерекше бақылауда ұстап отыр», - деді Жандос Нұрмағанбетов.

Ол сонымен қатар тілшілердің «Қыста Астананы тағы көк түтін басып кетпей ме?» деп сауалына жауап берді.

«Жөндеу жұмыстары аяқталып қалды. Төрт қазандық көзделген, N3 жылу электр орталығында және соның екеуінің 
жұмысы осы аптада басталмақ. Сондай-ақ үшінші жылу электр орталығы биыл қыста қосылады. Бұл жылу тапшылығын жояды деп үміттенеміз. Қалада түтін шығаратын тек жылу орталықтары емес, жеке секторлар да бар. Біздің мақсатымыз - үш жылу электр орталықтың қалаға уақытылы жылу беруі»– дейді ведомство өкілі.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →