×

Танымал журналистке әлеуметтік желідегі діни жазбалары үшін айыппұл салынды

Журналистке 50 АЕК - 172 500 теңге көлемінде айыппұл салынған

Танымал журналистке әлеуметтік желідегі діни жазбалары үшін айыппұл салынды
stan.kz

Танымал журналист Жанат Бақыт әлеуметтік желідегі діни жазбалары үшін жазаланды, деп хабарлайды  Qaz365.kz Massaget.kz тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Атырау облысының дін істері басқармасына қала тұрғыны атынан арыз келіп түскен. Осылайша журналистке 50 АЕК - 172 500 теңге көлемінде айыппұл салынған. 

"Арызда әлеуметтік желіде танымал журналист желідегі парақшалары арқылы ислам дініне тіл тигізіп, барша мұсылмандардың, соның ішінде жеке діни сезіміне қорлық жасалғанын көрсеткен. Осы ретте басқарма тарапынан Instagram әлеуметтік желісіндегі Zhanat Baqyt және zhan_zhihany парашалары Дін істері комитетіне дінтану сараптамасын жасауға жолдаған болатын. Сараптама қортындысы негізінде, бұл парақшаларда шынымен ислам сенімін ұстанатын азаматтардың діни сенімін қорлауға және өз кезегінде қоғамда түрлі діни талас-тартыстарға себеп болатын ақпараттар жарияланғаны анықталды. Қазіргі таңда Алматы облысы Талғар ауданының сотының шешімімен парақшалардың иесі кінәлі деп танылып айыппұл салынғанын хабарлаймыз. Алдағы уақытта бұл парақшаларды бұғаттау үшін ақпаратты Мәдениет және ақпарат министрлігіне жібереміз", -  дейді Атырау облысының Дін істері басқармасының бас маманы Ерлан Ерғалиев

Атырау облысы Дін істері басқармасы ҚР Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңының 3 бабы 5 тармағына сәйкес жеке тұлғалардың дінге көзқарасы себептері бойынша азаматтық құқықтарының бұзылуына немесе олардың діни сезімдерін қорлауға, қандай да бір дінді ұстанушылар қастерлейтін заттарды, құрылыстар мен орындарды бүлдіруге жол берілмейтінін ескертті.

Еске салайық, соңғы уақытта журналист Жанат Бақыт әлеуметтік желідегі парақшасында "жаңа дәуір басталды, Алланың миссиясы аяқталды" деген сынды жазбалар жариялаған. Журналистің бұндай жазбалары халық арасында түсінбеушілік тудырған еді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Түркістан облысында биыл 7 медициналық ұйымға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі
17.05.2024ж. 17:28

Түркістан облысында биыл 7 медициналық ұйымға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі

Техникалық қадағалаушы анықталған соң, жұмыс кестесі бекітіледі
Салынып жатқан үйлердің құрлысы тамыз айында аяқталады деп жоспарланған
Облыс аумағындағы дәрігерлерге деген тапшылықты жою мақсатында бірқатар жобалар жүзеге асырылуда

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →