×

Бізде атын өзгертіп бір кітапты бірнеше рет шығарып, гонорар алып жүрген талай адам бар – Мереке Құлкенов

Мереке Құлкенов Мәдениет туралы заңды сынға алады

Бізде атын өзгертіп бір кітапты бірнеше рет шығарып, гонорар алып жүрген талай адам бар – Мереке Құлкенов
Коллаж Qaz365.kz

Қазақстан жазушылар одағының төрағасы Мереке Құлкенов  «Алматы» телеарнасындағы «Жарты сағат Жанарбекпен» бағдарламасында президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездескенде оның алдында қандай мәселе көтергенін айтып берді, деп хабарлайды Qaz365.kz

 

«Түркістандағы ұлттық құрылтайда ол кісі (президент Тоқаев) үлкен бағдарлама айтты. Балалар кітапханаларын жасау туралы. Бұл – жұмылып жасайтын нәрсе. Бұл Қазақстан жазушылар одағы, Оқу-ағарту министрлігі, Жоғарғы оқу министрлігі, Мәдениет және ақпарат министрлігі бірігіп жасайтын нәрсе. Осы жерден жақсы дүниелер жазылса, бала кішкентайынан батырлар жырын жаттап өссе, жүрегіне сіңірсе – керемет бала болып шығады. Кітаптарымыз да сондай тәрбие міндетін атқарса деген ойым бар. Соны жасалады ғой деймін. Ол кісімен кездескенде қайталап айта бердім», - дейді ол.


Мереке Құлкенов Мәдениет туралы заңды сынға алады.


«Ол заңның ішінде әдебиет туралы екі ауыз сөз жоқ. Әдебиетті ұмытып кеткен. Сондықтан, біз сондай заң жасасақ қайтеді? Ол қандай заң? Жазушы, баспа, таралым және насихат деген. Ол кісі ойланып отырды да, онда «Мәдениет заңына толықтыру енгізу керек» деді. Осы мәселелер жан-жақты қайта сараланып, мәдениет заңының ішіне бір тармақ болып кіруі керек. Мен соған қатты қуандым. Сіз бен біз, біздің Үкімет пен Парламент халықпен бірге бірігіп, жұмыс істесе дейміз. Совет одағы кезіндегідей одақтың (Жазушылар одағының) беделі қайтадан өссе дейміз», - дейді Қазақстан жазушылар одағының басшысы.


Мереке Құлкенов совет заманы кезінде Жазушылар одағының басшысы бюро мүшесі болғанын еске алады. Айтуынша, ол кезде кез келген министр бюро мүшесі бола алмайтын. Сол үшін Құлкенов одақтың, басшысының мәртебесін қайтару керек деп есептейді. Оны қайтару үшін жақсы шығармалар көп болуы керектігін, оған дайындығы бар жазушылар баршылық деп атап өтеді.


«Үкімет бізге кітап шығаруда көмектесіп жатыр. Біреудің кітабын сатып алады, екіншіге гонорар береді. Біз аузымызбен қу шөпті сүрте береміз. Талай адамдар бір кітабын бірнеше рет атын өзгертіп қызығын көріп жатыр. Не істеуіміз керек? Ең біріншіден, соны саралайтын комиссия дұрыс болуы тиіс. Жаңа шығармалар болуы керек. Ағаларымыздың баяғыда жазып тастаған нәрсесін атын өзгертіп, қайта шығарғаннан біз не табамыз? Көрдіңіз бе? Министрлік осыны ойлауы керек. Қазақ әдебиетін Қазақстан жазушылар одағынан артық білетін адам жоқ. Жазушылардан артық білетін адам жоқ. Соның міндетін өзіне қайтарып беру керек. Олар тек көмектессе болды», - дейді Мереке Құлкенов.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

9 шақырым болатын 16 көшеге жаяу жүргіншілер жолы салынды
Кәсіпкерліктің экономикадағы үлесі осы жылы 21%-ға жетеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →