×

“Әйтеновтің қателігін қайталап жатыр”: Блогер Шымкенттің жаңа әкімі Сыздықбековты сынады

Бүгінгі күні халықты мазалап отырған – бағаның өскені, шарықтап кетіп бара жатқаны, жұмыссыздық

“Әйтеновтің қателігін қайталап жатыр”: Блогер Шымкенттің жаңа әкімі Сыздықбековты сынады
Коллаж Qaz365.kz

Белгілі блогер Бақытжан Көпбаев Шымкенттің жаңа әкімі Ғабит Сыздықбековпен кездескеннен кейінгі әсерін айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Әкім Сыздықбеков таяуда қаланың журналистерімен, блогерлерімен кездескен. Көпбаевтың өзі де отырыста сөйлегенін айтады.

«Маған ақыры сөз тиді. Әкімге жағымпазданған емес. Бұл әкім жаңа форматта жұмыс істегісі келеді. Мен оған «сізге байланысты көрсетіліп жатқан пиарға ырза емеспін» дедім. Ол екінші Әйтенов болып, соның қатесін қайталап жатыр. Мен әкімге «жаңа сөйлегендер, жағымпаздық жасағандардың бәрі байлар» дедім. «Біз қарапайым халық, кедейлер жағынан келіп тұрмын, кедей адамды бүгін де не мазалап отыр?» Біздің БАҚ-тың айтатыны «автобус аялдамаға 10 метр жетпей тоқтайды» дейді. Сол ма проблема? Барлығы болмайтын проблеманы айтты. Бүгінгі күні халықты мазалап отырған – бағаның өскені, шарықтап кетіп бара жатқаны, жұмыссыздық. Одан кейін олардың өмір сапасының түсуі. Осыны бір адам айтпады? Біреуі шығып, «Ғабит» деген сөздің нені білдіретінін білесіз бе?» дейді. Тоқаев «менің атымды Ғабиттен төмендетіп жіберді ме?» деп ойламайсыңдар ма!? Жағымпаздар қатырды. Мен өз ойымды, халықты қорғайтынымды айттым. Әкім «Бақытжан аға» деп бірнеше рет айтып өтті. Ғабит айналайын, мен айттым ғой, «Тоқаев менің президентім, Қазақстан менің елім, Шымкент менің қалам, Ғабит менің әкімім». Халықтың әкімі болсаң, өз қамын ойлаған байларды не қыласың? Ғабит қай жерде проблема бар, сол жерге келуің керек. Бітіп қойған жолдарды басқармалар көрсетсін. Бүгінгі форматқа содан да ырза болмадым», - деп түйеді ол.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстандықтар маусым айында қанша күн демалады
Кеше, 16:41

Қазақстандықтар маусым айында қанша күн демалады

Бес күндік және жеті күндік жұмыс аптасы бойынша
Елде барлығы 6 миллионнан аса жалдамалы жұмысшы бар

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →