×

Қазақстандықтар Назарбаев университеті мен мектептерін қаржыландыру процесіне араласа алады

Бұл туралы мәдениет және аұпарат вице-министрі айтты

Қазақстандықтар Назарбаев университеті мен мектептерін қаржыландыру процесіне араласа алады
nu.edu.kz

Бүгін сенаторлар жоғарғы палатада «Қоғамдық бақылау туралы» заңды мақұлдады, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Сенатор Нұртөре Жүсіптің айтуынша, «Назарбаев университеті», «Назарбаев зияткерлік мектептері» және «Назарбаев қоры» мәртебесі туралы заңға қоғамдық бақылау енгізу жоспарланып отыр.

Заңға түсіндірме берген мәдениет және ақпарат вице министрі Данияр Қадыров осы заң күшіне енгеннен кейін қазақстандықтар бұл мектеп, университет пен қордың жұмысына қалай ықпал ететінін түсіндіруге тырысты.

«Сізді азамат ретінде қандай мәселелер алаңдатады? Қандай процестерге назар аударғыңыз келеді? Сізге ұнамаған нәрсені өз көзіңізбен көріп, тексерсеңіз болады. СІзде ондай құқық бар», - дейді Қадыров.


Вице-министрдің сөзінше, қазақстандықтар «Назарбаев университеті», «Назарбаев зияткерлік мектептерін» қаржыландыру ісіне атсалыса алады.


«Әлбетте, қатыса аласыздар. Бірақ алдымен нақты қай нысанда қандай тексеріс жүргізгіңіз келетінін дұрыстап жазып беруіңіз керек. Содан кейін көздеген мәселеңіз бойынша қоғамдық бақылау жүргізе аласыз. Егер олар әрине, мемлекеттік құпияларға, арнайы қызметтердің ақпаратына жатпауы керек. Ал Назарбаев зияткерлік мектептері мен университетінде басқа мектептердегідей қоғамдық мониторинг, тыңдау, сараптама жүргізе аласыз», - дейді ол.


Заңда қоғамдық бақылау саласын мемлекеттік реттеу тәртібін белгілеу, қоғамдық бақылауға қойылатын талаптарды айқындау, қоғамдық бақылау объектілері мен субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін регламенттеу ескерілген.
Қоғамдық бақылауды он сегіз жасқа толмаған, соттылығы өтелмеген, наркологиялық немесе психикалық есепте тұрған адамдар жүргізе алмайды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Комфорт, тәртіп және қауіпсіздік: Алакөлде қандай ауқымды шаралар жүзеге асырылуда
Бүгін, 19:47

Комфорт, тәртіп және қауіпсіздік: Алакөлде қандай ауқымды шаралар жүзеге асырылуда

Биыл жағалаудағы санитарлық тораптар саны 8-ден 18-ге дейін көбейтіледі
Үкіметке қысқа мерзім ішінде елдегі барлық туристік бағыттың жағдайын ретке келтіруі тиіс.
Ол қомақты қаражатты жымқырды деп айыпталып жатыр. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →