×

1,5 млрд теңге жинап алды: «Алтын Орда» базарында саудагерлер наразылыққа шықты

Наразылыққа шыққан салымшылар құрылыстың 25 пайызы ғана аяқталғанын, ал Данияр Әлпиевтің үстінен полиция қылмыстық іс қозғағанын айтып алаңдап отыр

1,5 млрд теңге жинап алды: «Алтын Орда» базарында саудагерлер наразылыққа шықты
Фото: Qaz365.kz

Алматы маңынағы «Алтын Орда» базарының 200-ден астам саудагері алаяқтықтың құрбаны болуы мүмкін. Бүгін атышулы базардың жабық павльонынан сауда орнын аламыз деп, қаражат құйған кәсіпкерлер наразылық танытты. Олар 2022 жылдың қазан айынан бері әрқайсысы кем дегенде 12 млн теңгеден, жаңа сауда орындарын аламыз деп, қаражат жинаған. Бүгінгі күні 1,5 млрд теңгекөлеміндегі сомманың тағдыры беймәлім, деп хабарлайды Qaz365.kz

Базардың үшінші жабық ғимаратынан 300-ден астам сауда орнын салып береміз деген «Altyn Orda new company» ЖШС иесі Қаңтар оқиғасынан кейін «Алтын Орда» базарына оралған Данияр Әлпиев деген азамат. Ол осы базардың алғашқы құрушыларының бірі, марқұм Алтынбек Әлпиевтіңұлы.  Саудагерлердің айтуынша осы азамат пен оның серіктесі Ермек Омаров 2023 жылы 9 маусым мен 2024 жылдың 9 қаңтары аралығында, жарты жылда саудагерлер үшін жабық сауда алаңдарының құрылысын бітіруге уәде беріп, алдын ала қаражатты жинап алыпты. Алайда бүгін наразылыққа шыққан салымшылар құрылыстың 25 пайызы ғана аяқталғанын, ал Данияр Әлпиевтің үстінен полиция қылмыстық іс қозғағанын айтып алаңдап отыр. 

«Жеке кәсіпкер ретінде 2009 жылдан бері осы базарда жұмыс істеймін. БАҚ өкілдерін жинау себебіміз – халықтың президентке айтатын уәжі бар. Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы «Алтын Орда» базарындағы кәсіпкерлердің талабын назардан тыс қалдырмауды сұраймыз.   «Altyn Orda new company» 2022 жылдың қазан айынан бастап Данияр Әлпиевтің басшылығымен сауда орталығында 3-ші павильонның құрылысын бастайтынын айтқан еді. Сол себепті біз жеке кәсіпкерлер бір шаршы метрі 800 мың теңге тұратын бутик үшін әрқайсымыз 12 млн теңге қаражат құйдық. Орынсыз қалып қалмайық деп жаппай сатып алуға тырыстық.