×

«Бассыздықты тоқтатуды талап еттік»: Депутат Толықтай Зайсан көлінен қытай ауымен балық аулаған компанияны атады

Зайсан көлінде онсыз да жыл сайын су тартылып, балығы азайып бара жатыр

«Бассыздықты тоқтатуды талап еттік»: Депутат Толықтай Зайсан көлінен қытай ауымен балық аулаған компанияны атады
Стопкадр

Бұған дейін Зайсан көлінің жағасынан суға түсірілсе құртын да қалдырмайтын қытай ауы мен техникасының видеосы тарап кеткен еді. Шығыс Қазақстандағы Күршім ауданының тұрғындары бұл аудың видеосын таратып, билік тарапынан бассыздықты тоқтатуды талап еткен. Мәжіліс депутаты Мақсат Толықбай мәселені назарға алып, ол ауды кім не үшін салмақ болғанын айтып берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Зайсан көлінде онсыз да жыл сайын су тартылып, балығы азайып бара жатыр. Әлеуметтік желіге торы тым ұсақ аудың видеосын жергілікті тұрғындар таратқан. 

 

«Еліміздің шығыс өңіріндегі Зайсан көліне Қытай азаматтары балық аулауға арналған өз техникаларын, ауларын кіргізіп жатыр деген мағынадағы видео әлеуметтік желілерде қызу талқыланып жатыр. «Мақсат Толықбай сіз неге әрекет етпейсіз?» деп мені де белгілегендер бар екен. Жолнұсқау деп аталатын ауыл азаматтарының арыз-шағымы , кешегі жиналыстағы хаттамасы міне бәрі менің қолымда. Мен аудан әкімімен де, прокурормен де сөйлестім. Облыс әкімі де хабардар», - дейді ол.


Жасыл түсті аулар кімдікі? Жергілікті тұрғындардың айтуынша, бұл техникалар жергілікті балық өңдеумен айналысатын Төретам компаниясына тиесілі. Тіпті инспекцияның осындай аумен рұқсат беретін рұқсаттары да бар екен. 
 

«Дегенмен Зайсан көлінің суы жылдан жылға тартылып бара жатыр. Сондықтан кішкене көлге мұндай үлкен ау салуға болмайды. Бұл табиғатқа зиян. Мұндай аудан құрт та қалмайды. Бұл бассыздықты тоқтатуды талап еттік. Өйткені балықпен ғана күнелтіп отырған сол ауылдың басқа тұрғындары да балығын аулап, күнін көру керек қой!? Оның үстіне табиғатқа да зиян. Айтайын дегенім, компания бұл талаппен келісті. Ешкім ауларын салмайды. Дегенмен Күршім ауданының тұрғындары мұндай жағдай қайталанса, бірінші кезекте маған хабар беруіңізді сұраймын. Бұл мәселе назарда. Әкімдік те, прокуратура да бақылауда ұстайтынын айтып жатыр», - дейді ол.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →