×

Ұлттық мұратымызға, тұтастығымызға төнген қауіп - депутат Аманжол Әлтай сәлафизм жайлы

Бүгін Мәжілісте бір емес үш депутат діни тақырыпта Үкіметке депутаттық сауал жолдады

Ұлттық мұратымызға, тұтастығымызға төнген қауіп - депутат Аманжол Әлтай сәлафизм жайлы
azattyq-ruhy.kz

Бүгін Мәжілісте бір емес үш депутат діни тақырыпта Үкіметке депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды  Qaz365.kz. Соның бірі Аманжол Әлтай салт-дәстүрлерімізге деген шабуыл көбейіп жатқанына алаңдайды.

«Әсіресе, жастарды соқыр фанатизмге, радикализмге итермелейтін жат ағымдар, әлеуметтік желіде сананы улайтын теріс уағыздар, тынысымызды тарылтып, алқымнан алып барады. Бұл ұлттық мұратымызға, тұтастығымызға төнген қауіп!» - дейді ол Үкіметке жолдаған сауалында.

Депутат қасиетті домбырадан бастап, тұсау кесу, беташар мен сәлем салу сияқты дәстүріміздің барлығын «харам» деп ата жолынан адастыруға тырысып, тамырымызға балта шауып жатыр деп есептейді. Тіпті, ұлыстың ұлы күні саналатын «Наурыз» мейрамын да қаралаушылар баршылық дейді.

«Қара жамылып, паранжамен бетін тұмшалап алған қаршадай қыздарымызды, сақалының ұшына қайшы тигізбей жалбыратып, балағын кесіп шолтитып, екі көзі қанталап келе жатқан ұлдарымызды көргенде қабырғаң қайысып, көңілің құлазиды. Радикалды ағымның кесірінен Сирияға кетіп, қыршынынан қиылған ұлдардың тағдыры, содырлардың қолжаулығына айналып, апта сайын талақ болып абыройынан айырылған қазақ қыздарының өкінішке толы адасқан өмірі қоғамға сабақ болуы тиіс еді», - дейді ол.

Депутат бүгінгі ахуал өткеннің қателігінен мемлекет сабақ алмағанын атап өтеді. Атаның батасын, әкенің ақылын, ананың өнегесін бойына сіңіре білген сенімі берік намысшыл халық едік, жат ағымдарға көндігіп, уағызшыл болып барамыз деп алаңдайды. Бірігуге емес бөлінуге, өнегеге емес, өсекке өңешімізді созамыз. Өзіміздің асылымыздан жеріп, өзгенің жасығына үйірміз деп дабыл қағады.

«Танымымыз тарылып, нанымымыз лайланып, қоғамның түсінігі қырыққа бөлінуде. Меніңше, біздің мемлекет ретінде араласып, жөнге салатын уақытымыз әлдеқашан келді. Үкімет осыны ойлап нақты қадамдар жасау тиіс. Сөзімнің түйіні! Халықты аздыратын осындай шабуылдарға тоқтау, заңмен тыйым салмасақ болмайды. Салт-дәстүрімізбен, төл мәдениетімізбен үйлесім тапқан дәстүрлі дінімізді жат ағымдармен бұзып алмайық! Ойланайық, ағайын», - деп сөзін түйеді депутат.

Парламент кулуарына шыққаннан кейін депутат Қазақстан мұсылмандары діни басқармасында солқылдақ көп екенін айтты. 

«Көп мәселеге келген кезде діни бақсарма мүфтиден бастап имамдарға дейін нақты ойын айтуға тайсақтайды», - дейді ол.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

9 шақырым болатын 16 көшеге жаяу жүргіншілер жолы салынды
Кәсіпкерліктің экономикадағы үлесі осы жылы 21%-ға жетеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →