×

МӘМС жүйесінде 3,3 млн адам сақтандырылмаған

Бұл жұмыссыздар немесе өз бетінше жұмыспен қамтылғандар, тұрақты табысы жоқ, әлеуметтік мәртебесі расталмаған азаматтар

МӘМС жүйесінде 3,3 млн адам сақтандырылмаған
turkystan.kz

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде 3,3 миллионнан астам адам сақтандырылмаған. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz

"Бүгінгі таңда 3,3 миллионнан астам адам сақтандырылмаған. Бұл жұмыссыздар немесе өз бетінше жұмыспен қамтылғандар, тұрақты табысы жоқ, әлеуметтік мәртебесі расталмаған азаматтар", - дейді Ажар Ғиният мәжілісте өтіп жатқан үкімет сағатында.

Министр цирфлық карта негізінде сақтандырылмаған, табысы төмен C, D, E санаттағы 1,5 млн адамды бюджеттік қаражат есебінен қамтуды ұсынып отыр. Бұл мақсаттарға 2025 жылдан бастап 77 млрд теңгеден 2030 жылы 85 млрд теңгеге дейін қажет болады. Сондай-ақ, министр бұл шаралар халықтың кемінде 90-95%-ін қамтуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Еске сала кетейік, Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов МӘМС қызметін уақытша тоқтатуды талап еткен. Оның сөзінше, міндетті медициналық сақтандыру дұрыс жұмыс істемейді. «Адам өліп жатыр ауылда, жедел-жәрдем келмейді,  сақтандыруың жоқ деп ауылдарда дәрігерлер емдемейді» деп сынайды депутат.

Депутаттың бұл сынына бүгін МӘМС қорының басшысы міндетін атқарушы Әбілқайыр Ысқақов “МӘМС жүйесі іске қосылғалы оң нәтижелері де бар” деп жауап берді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →