×

Алматыда жаңа автобус бағыты іске қосылды

Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады

Алматыда жаңа автобус бағыты іске қосылды
Qaz365.kz коллажы

Алматыда қала маңына қатынайтын жаңа бағыт ашылады, деп хабарлайды Qaz365.kz

20 қазаннан бастап 12 жылжымалы бірлік желісінде қала маңына қатынайтын «Төле би – Яссауи бұрылу алаңы – Қарғалы кенті» сызбасы бойынша жүретін №236 бағыт ашылады әрі көліктің қозғалыс интервалы 17 минут болады.

Жолаушылар мен жүкті автомобиль көлігімен тасымалдау Ережелеріне сәйкес қызмет көрсету «NEO city TRANS» ЖШС тасымалдаушыға берілді. Осы бағыт бойынша жолаушыларды тасымалдауды ISUZU HC-40 маркалы автобустар жүргізетін болады.

Алматы агломерациясын дамыту аясында Алматының қалалық мобильділік басқармасы 2023 жылы 25 елді мекенді қамтитын жаңа қала маңындағы бағыттарды ұйымдастыруды жоспарлауда. Бұған дейін 3 бағыт іске қосылған, олар: №223 «Саяхат – Нұра және Туғанбай ауылдары», №233 «Қараой ауылы – Саяхат автобекеті», № 240 «Батыр ауылы – «Адем-1» СҮ, Солтүстік айналма көшесі, қалған бағыттар әзірленуде.

Бұдан басқа, Алматы және Алматы агломерациясын дамыту жоспарына сәйкес 2024 жылдың соңына дейін қала маңындағы жаңа 20 бағыттарды ұйымдастыру жоспарлануда, олардың есебінен 50 елді мекен қамтамасыз етіледі.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Бұрынғы депутаттың қызы ғарышқа турист ретінде аттанады
Бүгін, 11:07

Бұрынғы депутаттың қызы ғарышқа турист ретінде аттанады

Қарағұсова бұл миссияның оның өміріндегі ерекше маңызын атап өтті.
Елімізде жыл сайын 1 қазан – Халықаралық қарттар күні аталып өтеді
Зерттеу нәтижесі жастардың ел дамуына қосар үлесін айқындады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →