×

Премьер-министр шахтадағы апатқа Үкімет емес, компания басшылығын кінәлады

Апат өндірістегі қауіпсіздік талаптарының сақталмауымен тікелей байланысты

Премьер-министр шахтадағы апатқа Үкімет емес, компания басшылығын кінәлады
Коллаж: Qaz365.kz

Премьер-министр Әлихан Смайылов 46 кеншінің өмірін қиған Костенко атындағы шахтада болған апатқа Үкімет емес, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ басшылығы кінәлі екенін айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Мемлекет басшысы Костенко шахтасында кеншілердің қаза болуына байланысты тергеу жұмыстарын жүргізіп,  «АрселорМиттал Теміртау» компаниясымен инвестициялық ынтымақтастықты   тоқтатуды тапсырды. Осындай апат биыл тамыз айында да болған. Ол кезде 5 шахтер қаза тапты», – деді Әлихан Смайылов.

Ол көптеген адам өліміне әкеп соққан апат өндірістегі қауіпсіздік талаптарының сақталмауымен тікелей байланысты екенін атап өтті.

«Бұл – бірінші кезекте, кәсіпорын басшылығының кінәсі. Олар компания жұмысынан өздерін шеттетіп тастаған. Мұндай әрекетсіздіктің салдары бірнеше жылдар бойы қайғылы жағдайларға әкеп соғуда. Компания өз міндеттемелерін орындаған жоқ. Қазіргі таңда «АрселорМиттал Теміртау» компаниясын Қазақстанның пайдасына беру рәсімдері аяқталу сатысында», – деді Премьер-министр.

Оның айтуынша, комиссия апаттың себептерін жан-жақты тексеріп, оған кінәлі адамдарды анықтау жұмыстарын жалғастырады.

«Қарағанды облысының әкімдігі мен  Төтенше жағдайлар министрлігі апатты жою жөнінде шаралар қабылдауы тиіс. Ең бастысы – қаза тапқандардың отбасыларына барлық көмекті көрсетіп, зардап шеккендердің денсаулықтарын қалпына келтіру. Осындай қиын жағдайда ешкім де назардан тыс қалмайды», – деді Үкімет басшысы.

Айта кетейік, 28 қазанда Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтада апат болып, кейін 46 адамның қаза тапқаны айтылды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Күнтізбеге сәйкес, Қадір түні 16 наурыздан  17-сіне қараған түнге сәйкес келіп тұр
Forbes есебіне қарасақ, Нұрәли Әлиев былтыр Қазақстандағы ең бай адамдар тізімінде 289 млн доллармен 39-орынға тұрақтаған
Қайтарылған дүниенің сатылғаны жайлы ақпараттар шыққанымен, тәркіленгені жайлы жаңалықтар саябырлап қалды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →