×

Алматыдағы ЖЭС-2 қашан газ отынына ауысады

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев жұмыс сапарымен Алматы қаласына келді

Алматыдағы ЖЭС-2 қашан газ отынына ауысады
Энергетика министрлігі

Алматы қаласындағы №2 жылу электр орталығы 2026 жылы газға көшіріледі, деп хабарлайды Qaz365.kz Энергетика министрлігіне сілтеме жасап. 

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев жұмыс сапарымен Алматы қаласына келді.

Сапар барысында «Алматы электр станциялары» АҚ №2 ЖЭО және «Алматыжылужайэнерго» ЖШС Орбита қазандығының жұмысымен танысты.

№2 жылу электр орталығында министр әкімдік, «Самұрық-Энерго» АҚ өкілдерінің қатысуымен жылыту кезеңі жөніндегі үйлестіру штабының кеңесін өткізді.

ЖЭО өкілдері EPC газға ауыстыратын мердігер анықталғанын, жұмыс басталғанын хабарлады.

Белсенді кезең 2024 жылы басталып, 2026 жылдың соңына дейін аяқталады.

Сондай-ақ, екінші ЖЭО-да №3 қазандық пен №1,2 турбиналарға күрделі жөндеу жұмыстары жасалып біткен.

№ 5 қазандықты күрделі жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. 

Жалпы «Алматы электр станциялары» АҚ бойынша жөндеу науқаны қараша айының соңында аяқталады.

Күзгі-қысқы жағдайда жұмысқа дайындық паспорты алынған. 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →