×

«Әкім сөзінде тұрмады»: Жамбыл облысында диқаншылар ереуілге шықты

Жергілікті диқаншылар мемлекеттен бөлінген субсидияны талап етуде

«Әкім сөзінде тұрмады»: Жамбыл облысында диқаншылар ереуілге шықты
видеодан скриншоттар

Меркі ауданының диқаншылары ереуілге шықты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Олардың айтуынша, жергілікті қызылша егуші диқаншылар мемлекеттен субсидия ала алмай жүр. Аудан әкімі тиісті құжатқа қол қоймай жатыр дейді.

«Меркі ауданында ақша бөлінген. Бірақ қызылша егушілерге ақша бөлінбей жатыр. Басқа аудандар мен қасымыздағы ауылдың бәрінің ақшасы бөлініп қойған. Бірақ бізге әлі жоқ. Әкімнің өзі соған қол қоймай жатыр. Неге екенін білмейміз. Жауабын бізге айтпайды. Құжаттар мен егін жерлеріміз қаншама рет тексерілді? Бірақ ақша бермей жатыр», – деді жергілікті диқаншылар.

Ереуілге шыққан диқаншылар талаптары орындалмаған жағдайда жоғарғы органдарға шағымданатындарын жеткізді.

«Бізге Үкіметтен бөлінген ақшамызды берсін. Бізге жұмыс істейтін, жаны ашитын әкім керек. Талабымыз орындалмаса, орнынан кетсін. Бізде ақша жоқ. Біздегі көлік мәселесін де шешсін. Шешпесе, міне, қазір Таразға барамыз», – деді диқаншылар.

Ереуіл орнынан хабар таратқан журналист Нұрадин Рақай облыстағы негізгі қызылша өсірумен айналысатын Меркі ауданы екенін айтады.

«Биыл қуаңшылыққа Үкіметтен субсидия бөлінді ғой. Шатаспасам, 3,8 млрд теңге. Негізі қызылша шаруашылығы Жамбыл облысында. Бәрі аудандарында болғанмен, негізгісі Меркі ауданында. Өткенде де қуаңшылық болып жатқандығын айтып, Меркі ауданының диқандары алғашқылардың бірі болып дабыл қақты. Алайда осы уақытқа дейін мәселеміз шешілмеді дейді. Бірақ ақша бөлініп қойған болатын», – деді ереуіл орнынан хабар таратқан журналист Нұрадин Рақай.

Еске салайық, бұған дейін Жамбыл облысы бойынша алты ауданда қуаңшылық болғандығы айтылып, Меркі ауданының диқандары Үкіметтен көмек сұраған болатын. Онда Меркі ауданындағы 941 гектар қант қызылшасы зардап шеккен еді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →