×

Денсаулық сақтау министрі ата-аналарды баласын вакцинациялауға шақырды

Биыл 13 мыңнан астам адам қызылша жұқтырған

Денсаулық сақтау министрі ата-аналарды баласын вакцинациялауға шақырды
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

Денсаулық сақтау министрі қазақстандықтарды қызылшаға қарсы қосымша иммундау шараларына қатысуға шақырды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта Қазақстанда, сондай-ақ әлемнің көптеген елінде қызылша ауруына қатысты қолайсыз эпидемиологиялық жағдай қалыптасып отыр. Инфекция жұқпалы және ол ауа тамшылары арқылы тез таралады. Соңғы екі айда елімізде сырқаттанушылар саны күрт өсті.

Биыл 13 мыңнан астам адам қызылша жұқтырған. Оның 83 пайызы балалар, негізінен 5 жасқа дейінгілер. Олардың 70 пайызы екпе алмаған. Науқастардың арасында екпе алмаған ересектер де бар. Инфекцияның таралуының артуы салдарынан Қазақстанда қосымша жаппай иммундау жүргізу туралы шешім қабылданды.

Ол қаңтар айының соңына дейін жалғасады. Министрдің айтуынша, вакцина жеткілікті.

"Вакциналау мәртебесі жоқ балаларға, инфекция ошақтарында болған ересектерге екпе егеміз. Баршаңызды аурудан сақтану үшін емханаға шақырамыз", – деді Ажар Ғиният.

Денсаулық сақтау министрі инфекциялық аурудың салдарын да назарға салды.

"Бүгінде қызылша вирусының өзіне тән емі жоқ, сондықтан мұндай қауіпті инфекциядан құтылудың жалғыз жолы екпе егу болып отыр. Вакцинаның өзінен қорықпау керек, ол тексерілген. Біз оны жыл сайын ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес қолданамыз", – деп түйіндеді Ажар Ғиният.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365 редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Желтоқсан оқиғасына қатысушыларға берілетін біржолғы төлем мөлшері ұлғайды
08.12.2023ж. 14:47

Желтоқсан оқиғасына қатысушыларға берілетін біржолғы төлем мөлшері ұлғайды

Қазір Алматыда 1986 жылы Желтоқсан оқиғасына қатысқан 670 адам тұрады
Бақтыгүл Байарыстанованың қала тазалығына атсалысып жүргеніне 25 жылдан асқан
«Qazaqsha Jaz» парақшасында тілді қолдаған қоғамдағы белгілі азаматтардың ролигі жарияланды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →