×

Қазақстан киік мүйізін Қытайға сатпақ

Киік мүйізін сатпақ

Қазақстан киік мүйізін Қытайға сатпақ
Фото: inbusiness.kz

Қазақстан киік мүйізін Шығыс елдеріне сатады. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

Жақында Экология министрлігі Қазақстандағы ақбөкендердің саны аулау мен ату арқылы реттелетінін хабарлады. Шенеуніктеріміз киік етін сатумен заңды түрде айналысатынын атап өтті.

Алайда, министрдің айтуынша, мүйіздер қазір сатылмайды. Оларды сатуға CITES халықаралық үкіметтік келісім бойынша тыйым салынған.

«Ақбөкендердің мүйіздері дәстүрлі түрде Шығыс елдеріндегі фармацевтиканың құрамдас бөлігі болып табылады, негізінен, Қытайда. Бүгінгі таңда оларды экспорттауға мүмкіндігіміз жоқ, өйткені CITES халықаралық ұйымы жануарлардың жекелеген түрлері, соның ішінде ақбөкендердің бөлшектері мен дериваттарын экспорттауға тыйым салды», – деді ол.

Ведомство басшысы қазір ақбөкендердің мүйіздерін сатуға рұқсат алу үшін жұмыс жүргізіліп жатқанын айтты. Экспортты 2025 жылы бастау жоспарлануда.

«Біз келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Комитет төрағасының орынбасары қазір Женевада, CITES-тің жануарлар дүниесі комитетінде жүр.  Онда ақбөкендердің дене бөліктері мен дериваттарын экспорттауға салынған тыйымды алып тастау мәселесі талқылануда», – деді Нысанбаев.

Еске салайық, бұдан бұрын Қазақстанда киіктерді аулау мерзімдері белгіленгені хабарланды. Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев елімізде киік саны тарихи көрсеткіштен асып кеткенін айтқан.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →