×

Желтоқсан оқиғасына қатысушыларға берілетін біржолғы төлем мөлшері ұлғайды

Қазір Алматыда 1986 жылы Желтоқсан оқиғасына қатысқан 670 адам тұрады

Желтоқсан оқиғасына қатысушыларға берілетін біржолғы төлем мөлшері ұлғайды
gov.kz

Алматыда Желтоқсан оқиғасына қатысушыларға төленетін біржолғы төлемді 250 мың теңгеге дейін көтеру ұсынылды. Бұл туралы Алматы мәслихатының кезектен тыс сессиясында қала әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бастапқыда бұл жоспар келер жылы қарастырылуы керек болған еді. Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен қаржыны үнемдеу арқылы және Тәуелсіздік күні қарсаңында "желтоқсаншыларға" төлемді биыл ұйымдастыру мүмкіндігі қарастырылды.

Айта кетейік, жыл сайын 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысушылар Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай 150 мың теңге көлемінде өтемақы алады. 2023 жылы бұл көмекті 702 адам алады.

Қазір Алматыда 1986 жылы Желтоқсан оқиғасына қатысқан 670 адам тұрады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

9 шақырым болатын 16 көшеге жаяу жүргіншілер жолы салынды
Кәсіпкерліктің экономикадағы үлесі осы жылы 21%-ға жетеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →