×

«Еңбек адамы»: Қыс түскенде қадірі артатын маман

Бақтыгүл Байарыстанованың қала тазалығына атсалысып жүргеніне 25 жылдан асқан

«Еңбек адамы»: Қыс түскенде қадірі артатын маман

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үнемі  еңбекқорлық, білім культін дәріптеу қажеттігін айтып отырады. Осы ретте «Еңбек адамдарын» ұлықтау аса маңызды. Елордамыз Астананың қалыптасу тарихында мұндай мамандардың үлесі орасан, деп хабарлайды  Qaz365.kz.

Мысалы, үстіне сары түсті кеудеше киген, қысы-жазы көше тазалап жүретін мамандардың қадірін әсіресе тәуліктеп қар жауған кезде түсінетініміз бар. Мысалы, «Астана Тазалық» ЖШС жұмысшысы Бақтыгүл Байарыстанованың қала тазалығына атсалысып жүргеніне 25 жылдан асқан. 

«Таңғы сағат 6.00-де асай-мүйесімізді алып, аялдамаға келеміз. Өйткені таңмен таласып тұрған тұрғындар автобуспен жұмысқа, оқуға, мектепке қатынайды. Аялдаманың маңайын тазалап, қоқыс жәшіктерін босатамыз. Одан кейін көлік тұрақтарын сыпыруға барамыз. Біздің топқа бекітілген учаске Бөгенбай батыр даңғылынан бастап, «Рамстор» сауда үйіне дейінгі аумақты алып жатыр. Жұмысымыз негізінен күзде, қыста ауыр болады. Өйткені күзде өте көп жапырақ түседі. Ал қыста қармен арпалысамыз. «Астанада нормадан бірнеше есе көп қар түсті» дегенді өздеріңіз де жазып жатасыздар ғой. Соның ауыртпалығын ең бірінші сезінетін – біз», – дейді Бақтыгүл Байарыстанова.

Қоғамда өз ісіне адал, еліміздің дамуына айрықша үлес қосып жүрген еңбек адамдары ұлықталуы тиіс. Мұны биыл Түркістанда өткен ІІ Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі де айтқан болатын.

«Біз еңбек адамының мәртебесін көтеруге баса мән береміз. Елімізде түрлі саланың кәсіби мерекесі бар. Көбінесе мұндай мейрамдар назардан тыс қалып жатады. Менің ойымша, «Еңбек күніне» орай ең үздік мамандарды мемлекеттік деңгейде ұлықтаған жөн. Бұл қадам қоғамда еңбек культін орнықтыруға жол ашады», – деп айрықша атап өтті Президент. 

«Еңбек – ерлікке жеткізер, ерлік – елдікке жеткізер» деген. Ендеше, еңбек адамдары төккен тер, шеккен бейнетінің зейнетін көре берсін деп тілейміз.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Баян камзолды ұлттық мұражайға тапсырады — Меруерт Өтекешова
Бүгін, 10:27

Баян камзолды ұлттық мұражайға тапсырады — Меруерт Өтекешова

Дау тудырған бір камзолдың арқасында қазақ әйелінің бейнесін сахна мен экранда көрсеткен халық әртісі Меруерт Өтекешова жайлы түрлі сұхбаттар шықты
Оған 39 мың адам қатысып, 760 тонна қоқыс жиналды
Қайырымдылық мақсаттағы марафонымызға  3000 қатысушы тіркеліп, 250 млн теңге қаражат жиналды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →