×

Еліміздегі орташа зейнетақы мөлшері аталды

2023 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны – 2 миллион 328 мың адам

Еліміздегі орташа зейнетақы мөлшері аталды
azattyq-ruhy.kz

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстандағы зейнетақының орташа мөлшерін жариялады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

2023 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны – 2 миллион 328 мың адам.

"Жыл басынан бері республикалық бюджеттен 3 триллион 33,7 миллиард теңге сомасына зейнетақы төленді, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 930,6 миллиард теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 2 триллион 103,1 миллиард теңге қарастырылды.

2023 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 120 838 теңге болды, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 82 950 теңге, базалық зейнетақы – 37 888 теңге", – делінген хабарламада.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Алматыда жол мамандарына арналған тәжірибелік сабақ ұйымдастырылды
Жоба аясында 6,7 шақырым жағалауда тіреу қабырғалары нығайтылып, жол кеңейтілді.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →