×

Зорлық-зомбылыққа қарсы 150 мың адам қол қойған петиция қаралмай қалмай ма: Ақпарат вице-министрі жауап берді

Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Данияр Қадыров петиция туралы заң қашан күшіне енетінін айтты

Зорлық-зомбылыққа қарсы 150 мың адам қол қойған петиция қаралмай қалмай ма: Ақпарат вице-министрі жауап берді
ortcom.kz

Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Данияр Қадыров петиция туралы заң қашан күшіне енетінін айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

“Заң 6 айдан кейін күшіне енеді. Ол – сәуір айының басы, 4 немесе 5 сәуір. Уақыты келгенде, петиция заң шеңберінде жұмысын жасайды”, – деді вице-министр.

Журналистер оған дейін петиция жазғысы келетіндерге не істеуге болатынын сұрады.

“Петиция жазам десе, қазір eOtinish бар. Сол арқылы өздерінің ұсынысын беруге еш кедергі жоқ”, – деп жауап берді Қадыров.

Журналист Әділет министрі платформа шыққанға дейін жазылатын петицияның заңды күші жоқ екенін айтқанын еске салып, “зорлық-зомбылыққа қарсы 150 мың адамның жинаған қолы қаралмай қалмай ма?” деп сұрады.

“Әр адамның даусы өте маңызды. Қазір оны қарауға заң тұрғысынан мүмкіндік жоқ, алайда белсенділер мемлекеттік органға арыз жазса, оны міндетті түрде қарайды”, – дейді вице-министр.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Баян камзолды ұлттық мұражайға тапсырады — Меруерт Өтекешова
Бүгін, 10:27

Баян камзолды ұлттық мұражайға тапсырады — Меруерт Өтекешова

Дау тудырған бір камзолдың арқасында қазақ әйелінің бейнесін сахна мен экранда көрсеткен халық әртісі Меруерт Өтекешова жайлы түрлі сұхбаттар шықты
Оған 39 мың адам қатысып, 760 тонна қоқыс жиналды
Қайырымдылық мақсаттағы марафонымызға  3000 қатысушы тіркеліп, 250 млн теңге қаражат жиналды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →