Мемлекеттік кірістер комитеті қазақстандықтардың аударымдары туралы ақпаратты банктерден кезең-кезеңімен алу мерзімдерін белгіледі
Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті барлық Қазақстан азаматының мобильді аударымдарын тексеру қашан басталатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Комитет мәліметінше, 2023 жылы Мемлекеттік кірістер комитеті банк шоттарына кәсіпкерлік қызметпен байланысты ақша түскен азаматтар туралы банктерден ақпарат ала бастаған.
Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру белгілерін айқындау критерийі жеке тұлғаның қатарынан үш ай ішінде әртүрлі тұлғалардан жеке банк шотына ай сайын 100-ден аса аударым алуы болып табылады.
Мемлекеттік кірістер комитеті қазақстандықтардың аударымдары туралы ақпаратты банктерден кезең-кезеңімен алу мерзімдерін белгіледі:
"Бүгінде тек мемлекеттік қызметшілер, оларға теңестірілген тұлғалар және олардың жұбайлары туралы ақпарат алынды.
Бақылау шаралары адал салық төлеушілерге әсер етпейтінін және жасырын кірістер мен тіркелмеген кәсіпкерлерді анықтауға бағытталғанын ескертеміз.
Бұл ретте жеке тұлғалар мобильді аударымдарды жеке мақсаттары үшін – туыстарына, достарына аудару, ата-аналары мен балаларына көмек көрсету, сондай-ақ басқа да өмірлік жағдайлар үшін жасай алады және қабылдай алады", – деп түсіндірді Мемлекеттік кірістер комитеті.