Онда кәмелетке толмаған балалары бар отбасыларды жылу беру маусымында жалғыз баспанасынан шығаруға тыйым салу қарастырылған
Парламент депутаттары несие берудегі тәуекелдерді азайту және қарыз алушылардың құқығын қорғау мәселелерін реттейтін заң жобасын әзірледі, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Мәжілістің қарауына «Кейбір заңнамалық актілерге кредит беру кезінде тәуекелдерді барынша азайту және қарыз алушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» заң жобасы түсті.
Депутат, Қаржы және бюджет комитетінің хатшысы Татьяна Савельеваның айтуынша, заң жобасы Парламент депутаттарының бастамасымен әзірленген.
Заң жобасында мынадай нормалар көзделген:
Бұдан басқа, заң жобасында Қылмыстық кодекс пен Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске «жеке деректерді сатқаны, абоненттің нөмірін ауыстырғаны және абоненттік нөмірді басқа тұлғаларға заңсыз бергені үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікті енгізу» туралы нормалар қарастырылған.
Савельева осы заң жобасы бойынша Үкімет биыл 12 қарашада қорытынды бергенін атап өтті. Үкімет депутаттардың біраз бастамасын қолдаған, бірақ кейбір нормалар жұмыс барысында әлі де пысықталып, талқыланбақ.
Мәжілістің Қаржы және бюджет комитеті заң жобасы бойынша қорытынды әзірлейді.