×

Алматылықтарға жаңа жылда  1 миллион теңгеден көмек бермекші

Әлеуметтік көмектің бұл түрін көрсетумен Алматы қаласының коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы айналысатын болады

Алматылықтарға жаңа жылда  1 миллион теңгеден көмек бермекші

Алматы қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мереке күндеріне мұқтаж ретінде есепте тұрғандарға бір реттік көмек бермекші, деп хабарлайды Qaz365.kz.


«Алматы қаласы мәслихатының 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 73 «Алматы қаласында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттары тізбесін айқындау ережелерін бекіту туралы» шешімі шықты. Соған сәйкес
әлеуметтік көмек мереке күндеріне мұқтаж ретінде есепте тұрған көпбалалы отбасыларға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жергілікті атқарушы органнан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге тұрғын үй сатып алуға 1 миллион теңге сомасында ақшалай төлем түрінде көрсетіледі», – делінген ресми жауапта.

Бұл көмек Алматыда мына мерекелерде берілмекші:

Жаңа жыл – 1-2 қаңтар;
• Халықаралық әйелдер күні – 8 наурыз;
• Наурыз мейрамы – 21-23 наурыз;
• Қазақстан халқының бірлігі мерекесі – 1 мамыр;
• Астана күні – 6 шілде;
• Конституция күні – 30 тамыз;
• Республика күні – 25 қазан;
• Тәуелсіздік күні – 16 желтоқсан.

Әлеуметтік көмектің бұл түрін көрсетумен Алматы қаласының коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы айналысатын болады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Ғалымжан Жақиянов марқұм досының енді әйелімен соттасып жатыр
Кеше, 18:06

Ғалымжан Жақиянов марқұм досының енді әйелімен соттасып жатыр

Төленге қарсы «алаяқтық» бабы бойынша арыз түсірген.
Сәкен Мамаш 2014 жылдан бастап жәбірленуші Каринамен заңды некеде тұрған.
Қазіргі уақытта өтінішті қарау күні әлі белгіленген жоқ.
Шамамен 200 адам қаржы пирамидасының құрбанына айналған. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →