×

Жаңа Алатау қаласы: Халыққа берер қандай пайдасы бар

Жаңа қала қандай болмақ

Жаңа Алатау қаласы: Халыққа берер қандай пайдасы бар
Фото: inbusiness.kz / Максим Морозов

Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру аясында Ұлттық экономика министрлігі Алатау қаласын құру жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларының («Алматы облысының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы») жоспарын әзірледі, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Жоспарға сәйкес, Ұлттық экономика министрлігі Алматы облысының әкімдігімен бірлесіп экономикалық есептерді, жаңа қаланың схемалық картасын дайындау бойынша жұмыстар жүргізді. Сондай-ақ халықпен жиын өткізіліп, соның негізінде Алматы облысы мен Іле, Талғар аудандары және Қонаев қаласы мәслихаттарының шешімдері қабылданды.

«Жаңа қаланы құру жол желілері, инженерлік, әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін модернизациялауға, жаңа жұмыс орындарын ашуға, инвестицияларды, технологияларды, қосымша қаржы ағындарын тартуға, кәсіпкерлік белсенділікті дамытуға, салық түсімдерін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде өңірдің инвестициялық тартымдылығы мен экономикалық тұрақтылығын жақсартуға ықпал етеді», - делінген министрліктің Telegram-каналында.

Сонымен қатар Үкімет АЭА (арнайы экономикалық аймақ) аумағын 30 мың гектардан 96,5 мың гектарға дейін кеңейту мен G4 City АЭА-ны Alatau АЭА-ға қайта атау туралы шешімді мақұлдады.

«Осылайша, Алатау қаласының барлық аумағы және Қонаев қаласының бір бөлігі АЭА аумағына жатқызылады», – делінген Ұлттық экономика министрлігінің хабарламасында.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Павлодарда тәрбиеші мүгедек балаларды аямай ұрып-соққан
Кеше, 16:13

Павлодарда тәрбиеші мүгедек балаларды аямай ұрып-соққан

ҚР Қылмыстық кодексінің 110-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды
Қазақстанда жұмыс істейтіндердің жартысының жалақысы 150 мың теңгеден аспайды
Күдіктіден QR кодтарымен есірткі сатуға қатысты жұмыс ұсыныстары жазылған 72 парақша табылды
Қазақстан аумағында 13 707 шетел азаматы еңбек етеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →