×

«Қазақстан ақырындап орыс тілін жоюға әрекет етіп жатыр». Ресейлік танымал тележурналист Тина Канделаки дабыл қақты

Канделаки әлеуметтік желіде Қазақстанға қатысты пост жазды

«Қазақстан ақырындап орыс тілін жоюға әрекет етіп жатыр». Ресейлік танымал тележурналист Тина Канделаки дабыл қақты
Фото: portal-kultura.ru

Ресейлік танымал тележурналист Тина Канделаки Қазақстан орыс тілін жою жолында ақырындап әрекет етіп жатқанын жазды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Қазақстан мемлекеттік деңгейде ақырындап орыс тілін жою жолында жұмыс істеп жатыр. Республиканың Көлік министрлігі бірнеше вокзалдың атын өзгертіп, орысша атауларды қазақшаға ауыстырды. Мысалы, «Уральск» атауын «Орал», «Узен» атауын «Жаңаөзен» деп ауыстырды. Балтық тәжірибесі көрсеткендей, бұл өте қауіпті үрдіс. Мұнда да бәрі ұсақ-түйектен басталып, кейін нағыз қауіпті жағдайға айналды: орыс мектептері жабылды, кеңестік ескерткіштер жойылды, орыс тіліне тыйым салынды, ақыры зейнеткерлерді аяз жаққа қуып жіберді. Тарихи әділдік орнатамыз деген сылтаумен осындай алысқа кетіп қалды. Мұндай күмәнді шешімдерді алға тарту үшін тарихтың артына тығылу әсіресе ыңғайлы», – дейді Тина Канделаки.

Еске салайық, бұған дейін Литва билігі мектептерде орыс тілін оқытудан бас тарту мүмкіндігін қарастырып жатқандығын жазған едік.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

9 шақырым болатын 16 көшеге жаяу жүргіншілер жолы салынды
Кәсіпкерліктің экономикадағы үлесі осы жылы 21%-ға жетеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →