×

Қайрат Сатыбалдының ұлынан «Байсат» базарының бір бөлігі қайтарылды – прокуратура

Бұған дейін Қайрат Сатыбалды базардың басым бөлігін өз еркімен қайтарып берген

Қайрат Сатыбалдының ұлынан «Байсат» базарының бір бөлігі қайтарылды – прокуратура
Qaz365.kz коллажы

Қайрат Сатыбалдының ұлына тиесілі «Байсат» базарының бір бөлігі мемлекетке қайтарылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Алматы прокуратурасының мәліметінше, 2024 жылдың 17 қаңтарында Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының «Алматы жылу» холдинг кешенінің (қазіргі «Байсат» базары) мүлкімен жасалған барлық мәмілені жарамсыз деп тану туралы шешімі заңды күшіне енді.

«Жалпы ауданы 4 221,4 м2 3 объектіден және 1,4 га жерден тұратын мүлік Бауыржан Нурсултанға (Қайрат Сатыбалды ұлы) тиесілі "ҚазГерСтрой бірлескен кәсіпорны" ЖШС және «Astana Finansial Group» ЖШС өзара үлестес компанияларының меншігінде болды», – делінген хабарламада.

Бұған дейін сотқа дейінгі тергеу аясында Қайрат Сатыбалды «Байсат» базарының басым бөлігін өз еркімен қайтарып берген болатын.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Шымкент сыра зауытын Баян Алагөзованың күйеуі иеленді
Бүгін, 18:21

Шымкент сыра зауытын Баян Алагөзованың күйеуі иеленді

Ол Шымкент сыра қайнату зауыты мен және 8 компанияға басшылық етпек

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →