×

Алматыда жер сілкінісінен зардап шеккендердің саны өсті – әкімдік

Бір сәби анасының құшағынан, екіншісі бесіктен құлаған

Алматыда жер сілкінісінен зардап шеккендердің саны өсті – әкімдік
Фото: Almaty Tv

Зілзаладан зардап шеккендердің барлығы қажетті медициналық көмектің толық көлемін алып жатыр, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«2024 жылы 23 қаңтар сағат 17:00-дағы жағдай бойынша Алматы қаласының ауруханаларына 67 адам медициналық көмекке жүгінген. Оның 55-і ересек, 12-сі бала. Сегіз адам ауруханаға жатқызылды (үш ересек және 5 бала), қалған науқастар барлық қажетті тексеруден кейін амбулаторлық емдеуге жіберілді. Үш ересек науқас Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасында жатыр. Науқастардың бірі отадан кейін жансақтау бөлімінде, жағдайы ауыр деп бағаланып отыр», – деп хабарлады Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Екі науқас травматология және ортопедия бөлімшесінде жатыр, жағдайы орташа ауыр.

Балалар жедел медициналық жәрдем орталығында төрт бала: 6 және 7 айлық, 7 және 16 жастағы балалар медициналық көмек алып жатыр.

Әкімдік мәліметінше, олардың барлық жарақаты үйде құлау салдарынан болған. Сәбилерге келетін болсақ, бір сәби анасының құшағынан, екіншісі бесіктен құлаған. Барлық баланың жағдайы орташа тұрақты деп бағаланады. Олар нейрохирургия және травматология бөлімшесінде ем қабылдап жатыр. Хирургиялық ота жасалмады, емі консервативті болды.

ЖРВИ диагнозы қойылған 17 жастағы бір бала Қалалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасында ем қабылдап жатыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Маманның айтуынша, әлеуметтік тәуелділік дегеніміз дәл осы тұрақты жұмыстың болмауынан туындайды
Облыстағы аграрлық мәселелер қалай шешілуде

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →