×

Google-дың жер сілкінісі туралы ескертулерін қалай қосуға болады

Google ескертуі тек Android операциялық жүйесінде жұмыс істейтін смартфондарға ғана келеді

Google-дың жер сілкінісі туралы ескертулерін  қалай қосуға болады
©Stuff, Google

Жер сілкінісі кезінде Алматы тұрғындарының біразы Google ескертуінен оянғанын айтты, деп хабарлайды  Qaz365.kz.

Дегенмен ескерту алмағандар да болды. Осы ретте Google-да жер сілкінісі туралы ескертуді қалай қосуға болатынын қысқаша түсіндіре кеткенді жөн көрдік.

 Google ескертуі тек Android операциялық жүйесінде жұмыс істейтін смартфондарға ғана келеді. 

Google-дың «Жер сілкінісі Live» жүйесі АҚШ-та 2020 жылдың жазында сынақтан өтті, бұл ескертуді алу адамдардың өмірін сақтап қалуы мүмкін. Компанияның мәліметінше, ұялы телефон құрылғысы жер сілкінісімен байланысты сипаттамалары бар жағдайды (дірілді)  анықтайды. Одан кейін сигналды арнайы Google серверіне, сондай-ақ сигналдың салыстырмалы геосаяси орнына жібереді. Бұдан соң сервер жер сілкінісі болып жатқанын анықтау үшін кеңірек аумақта көптеген түрлі смартфондардың барлық сигналдарын біріктіреді.

Жер сілкінісі туралы ескертулерді орнату баптаулары:

геолокация қосулы болуы қажет. Бұл Google жүйесінің сіздің нақты мекенжайыңызды білуі үшін қажет;
«Баптау – Қауіпсіздік және төтенше жағдай – Жер сілкінісі туралы хабарлау» командасын орындау арқылы Google жүйесінің сізге ескерту жіберуіне рұқсат беруіңіз қажет. 
Маңызды! Ескертулерді алу үшін құрылғыда Wi-Fi немесе мобильді интернетті қосу керек.

Айта кетейік, Apple смартфоны Алматыда жер сілкінісі туралы ескертпеген. Дегенмен App Store дүкенінде сейсмикалық белсенділік туралы жаңалықтарды бақылайтын қолданбалар бар.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Маманның айтуынша, әлеуметтік тәуелділік дегеніміз дәл осы тұрақты жұмыстың болмауынан туындайды
Облыстағы аграрлық мәселелер қалай шешілуде

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →