×

Алматыдағы жер сілкінісін хабарлау жүйесіне бөлінген 1,1 млрд теңгенің тендерін Нұрәлі Әлиев жеңіп алған

Бұған Нұрәлі Әлиевтің не қатысы бар?

Алматыдағы жер сілкінісін хабарлау жүйесіне бөлінген 1,1 млрд теңгенің тендерін Нұрәлі Әлиев жеңіп алған
Коллаж: ulysmedia.kz

22 қаңтардан 23-не қараған түн алматылықтар үшін төтенше жағдай режимінде өтті. Қалада жер сілкінісі тіркелгенде тұрғындар мегаполистен қашуға тырысты. Хабарландыру кешігіп жеткен. Кейбірі тіпті естімеген. Негізі жақында Алматы күшті жер сілкінісін ерте хабарлаудың автоматтандырылған жүйесін құруға 1,1 миллиард теңге жұмсаған. Nege.Aqsha telegram арнасының жазуынша, тендерді жеңіп алған компанияға Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені Нұрәлі Әлиевтің қатысы бар болып шықты, деп хабарлайды  Qaz365.kz.

2022 жылдың жазында Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті лот ойнатқан.

Олар бір миллиард теңгеге Алматыда күшті жер сілкіністерін алдын ала хабарлаудың автоматтандырылған жүйесі үшін 28 сейсмикалық павильон станциясын (АСРО) орнатқысы келген.

Әу баста тендерге 2022 жылдың 14 сәуіріне дейін қатысуға болады делінген. Бірақ сосын кейінге шегеріледі. Шілдеде бір көзден TNS-INTEC компаниясымен келісімшарт басталады. Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті тарапынан сол кездегі бастық Руслан Қасыбаев (жемқорлықпен сотталған) қол қояды. Келісімшарт бойынша TNS-INTEC компаниясына 1 120 538 143 теңге екі транш бойынша аударылуы тиіс. Алғашқысы 2022 жылға, екіншісі 2023 жылға жоспарланған. Жүйе мобильді қосымша және дабыл арқылы тұрғындарды алдын ала хабардар етуі керек еді. Алайда іс жүзінде Алматы тұрғындары сиренаны естіген жоқ және алдағы жер сілкінісі туралы SMS-те алмаған.

Енді бұған Нұрәлі Әлиевтің қандай қатысы бар? «TNS-INTEC» ЖШС компаниясы өте табысты компания. Үш жылдың ішінде 5,5 миллиард теңгеге мемлекеттік тапсырыс алған. Бұл компанияның құрылтайшысы – «Darmen Holding». Оған Қуанышбек Жұманов пен Greatex Capital Holding B.V иелік етеді. Жұманов сонымен қатар Нұрәлі Әлиев негізін қалаған «Жанарту» жеке қайырымдылық қорының директоры. Greatex Capital Holding B.V компаниясын Әлиевтің «Донателло» қонақүйлер желісін алты жыл басқарған Темірлан Есенғазиев басқарады. Яғни бәрі бір-біріне тығыз байланысты. Барлығының үстінде Нұрәлі Әлиев тұр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Адамдар темекіні дерт деп қабылдамайды»: Ташкентте шылымға деген тәуелділіктен арылудың жаңа әдістері талқыланды
Бүгін, 11:28

«Адамдар темекіні дерт деп қабылдамайды»: Ташкентте шылымға деген тәуелділіктен арылудың жаңа әдістері талқыланды

Никотин өнімдерінің зиян деңгейін зерттеу бірнеше жыл бойы жалғасып келеді
«Ойжұмбақ 2», «Моана 2» және «Муфаса: Арыстан патша» фильмдерін қазақ тілінде тамашалауға болады
Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою рәсімі өтті
Аймақ басшысы өз борышын өтеуге енді келген жас сарбаздармен тілдесті

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →