×

Атырау облысында мектепті күзету үшін 48 млн теңге ұсынылған – Антикор

Аталған дерек Қызылқоға ауданында тіркелген

Атырау облысында мектепті күзету үшін 48 млн теңге ұсынылған – Антикор
Фото: ашық дереккөзден

Атырау облысындағы орта мектепті күзету үшін төленетін ақша 48 млн теңгені құраған. Ұсынылған бағаның 12 есеге негізсіз көтерілгені анықталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Атырау облыстық департаменті аталған деректі Қызылқоға ауданында тіркеген.

«Қызылқоға аудандық білім бөлімінің №9 орта мектебі 48 млн теңгеге күзет қызметін сатып алуды жоспарлаған. Ал, облыста білім беру ғимараттарын күзету қызметінің орташа бағасы 3-4 млн теңгені құрайды. Бұл дерек сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлер мемлекеттік сатып алу порталындағы конкурстық ұсынысқа жүргізілген мониторингі кезінде анықталды. Осыдан кейін қызмет бағасы 12 есеге төмендетіліп, 3,5 млн теңгеге сатып алынды. Бюджеттің 44,5 млн теңгесі кері қайтарылды», – делінген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Атырау облыстық департаментінің хабарламасында.

Антикор тарапынан жергілікті атқарушы органға бюджет қаражатының негізсіз жұмсалуына жол бермеу жөнінде ұсыныс берілді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Күнтізбеге сәйкес, Қадір түні 16 наурыздан  17-сіне қараған түнге сәйкес келіп тұр
Forbes есебіне қарасақ, Нұрәли Әлиев былтыр Қазақстандағы ең бай адамдар тізімінде 289 млн доллармен 39-орынға тұрақтаған
Қайтарылған дүниенің сатылғаны жайлы ақпараттар шыққанымен, тәркіленгені жайлы жаңалықтар саябырлап қалды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →