×

Тәулігіне 100 000 теңге: Алматыда жер сілкінісінен кейін жер үй іздегендер күрт көбейді

Зілзаладан кейінгі бір тәулікте сұраныс төрт есе артқан

Тәулігіне 100 000 теңге: Алматыда жер сілкінісінен кейін жер үй іздегендер күрт көбейді
Фото: yvision

Жер үйді жалға алғысы келетіндердің саны күрт асып, жарнама порталына көп өтініш қалдырған, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі krisha.kz-ке сілтеме жасап.

Қаңтардың 22-сінен 23-іне қараған түні Алматы мен облыста жалға берілетін үйге сұраныс күрт артқан. Бірақ бұл бағаға әсер етпеген. 24 қаңтардағы мәлімет бойынша нарықта басқа өзгеріс жоқ. Пәтер сататындардың саны артпады, халықтың жаппай Астанаға ағылып жатқаны да байқалмайды.

Талдаушылар берген мәлімет бойынша қысқа мерзімге жалға берілетін үй, саяжай алатындар көбейген. Жер сілкінгеннен кейінгі бір тәулікте сұраныс төрт есе артқан.

«Бұл ұзаққа созылмайтын құбылыс. Ұзақ уақытқа үй жалға алатындар аса көп емес, дегенмен сұраныс екі есе артқан. Алматыда жалға берілетін үй, саяжайға сұраныс төрт есе артты. Нарықта ажиотаж байқалмады, еш категорияда баға құбылмады. Жұрт жеке секторға неге қызыққаны түсінікті, жер сілкінгенде үрейі ұшқан біраз адам жалған ақпаратқа сеніп, одан қатты апат бола ма деп қорықты. Кей тұрғын афтершок өткенше күте тұруды жөн көрген болар. Жалға берілетін үй, саяжай құны өскен жоқ. Орташа баға да өзгермеді», – деп жазды дереккөз.

Алматыда үйді жалға алудың орташа бағасы — тәулігіне 100 000 теңге.

Мұндай үйлер негізінен сауық кешін өткізуге, мереке тойлауға арналған. Ондай ғимаратта бар, мангал тұратын орындар, караоке болады. Сол үшін де қымбат.

Қазір ең төмен баға келесідей:

  • 2 бөлмелі саяжай — 10 000 теңге;
  • 3 бөлмелі жер үй — 25 000 теңге;
  • 4 бөлмелі үй — 35 000 теңге.

Сатылатын үйлерге келер болсақ, мұнда жағдай қалыпты. Баға да тұрақты. Krisha.kz талдауына сүйенсек, Алматыда жер үйдің орташа бағасы — 40 млн теңге.

Еске салайық, Алматыда 23 қаңтар түнгі cағат 00:09 шамасында магнитудасы 5 балдық жер сілкінісі болды. Кейіннен әкімдік зілзаладан 67 адамның зардап шеккенін хабарлады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында
Мерекелік шаралар қаланың барлық аудандарында өтті
Іс-шараны Ресей Федерациясы қаржыландырады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →