×

Майқайыңдағы апат болған жерге көріпкел барған

Көріпкелді іздестіріліп жатқан қызметкерлердің туыстары шақырған

Майқайыңдағы апат болған жерге көріпкел барған
Фото: Павлодар облыстық ТЖД

Майқайың кенішіне құлап кеткен автобустағы құтқарушыларды іздестіруге Айгүл есімді көріпкелдің шақыртылғаны туралы ақпарат тарады. Көріпкелді қайғылы оқиға болған жерде іздестіріліп жатқан қызметкерлердің туыстары шақырған, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Павлодар облыстық төтенше жағдайлар департаменті өздерінің Майқайың кенішіне көріпкелдің келуіне еш қатысы жоқ екенін мәлімдеді. 

«Бұған департаменттің еш қатысы жоқ. Төтенше жағдайлар департаментінің құрылымдары көріпкелдің келуіне кедергі болмады. Ол қауіпсіз жерде болды. Құтқарушылардың жұмысына кедергі келтірген жоқ. Көріпкел ол жерге жақындамады», – деді департамент өкілдері.

Еске салайық, жұмысы тоқтатылған «Майқайың-алтын» шахтасының маңында автобус жер астына құлап кеткен. Екі адамның мәйіті табылды. Өзге адамдар іздестіріліп жатыр.

Бұған дейін Төтенше жағдайлар министрлігі іздеу жұмыстарына шетелдік мамандарды тарту талап етілмейтінін хабарлаған болатын. 18 қаңтарда экскаватордың көмегімен автобус корпусының бір бөлігі, жоғалған адамдардың құтқару жабдықтары мен жеке заттары табылды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →