×

«Астана» қаржы орталығы қызметкерлерінің жалақысы белгілі болды

Қаржы орталығының басқарушысы өз жалақысын инвестиция ретінде ешқайда салмайды

«Астана» қаржы орталығы қызметкерлерінің жалақысы белгілі болды
Фото: naryk.kz

«Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Ренат Бектұров өз жалақысын жариялады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бүгін тілшілер Бектұровтан орталық қызметкерлерінің орташа жалақысы туралы сұрады. Оның айтуынша, жалақының көлемі әрбір адамның еңбек өтілі мен тәжірибесіне қарай төленеді.

«Жас мамандарға тәжірибесіне қарай 300 мыңнан 500 мың теңгеге дейін төлейміз, орта буын – 600 мың, ал басшылар 700-800 мыңнан жоғары алады. Маған бірінші басшы ретінде 700-800 мыңнан жоғары төлейді», – деді Бектұров.

Қаржы орталығының басқарушысы өз жалақысын инвестиция ретінде ешқайда салмайтынын айтты.

«Біз артылған ақшаны жинауға тырысамыз, бірақ менің бес балам бар. Сондықтан артық ақша қалмайды. Басқалар сияқты ипотека төлейміз, балабақша мен мектеп бар», – деді ол.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Баян камзолды ұлттық мұражайға тапсырады — Меруерт Өтекешова
Бүгін, 10:27

Баян камзолды ұлттық мұражайға тапсырады — Меруерт Өтекешова

Дау тудырған бір камзолдың арқасында қазақ әйелінің бейнесін сахна мен экранда көрсеткен халық әртісі Меруерт Өтекешова жайлы түрлі сұхбаттар шықты
Оған 39 мың адам қатысып, 760 тонна қоқыс жиналды
Қайырымдылық мақсаттағы марафонымызға  3000 қатысушы тіркеліп, 250 млн теңге қаражат жиналды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →