×

Желіде белгісіз адам Ақтөбе мектептерінде атыс шығару мақсатымен топ құрған: тергеу басталды

Ақтөбеде тараған хабарламадан кейін мектептер полиция бақылауына алынды

Желіде белгісіз адам Ақтөбе мектептерінде атыс шығару мақсатымен топ құрған: тергеу басталды
Фото: polisia.kz

Әлеуметтік желіде белгісіз тұлғалар Ақтөбе мектептерінде қылмыс жасауға дайындалып жатқаны туралы ақпарат тарады. Облыстық Полиция департаменті Instagram  парақшасында аталған ақпаратқа қатысты тергеу басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Әлеуметтік желілерде белгісіз тұлғалардың Ақтөбе мектептерінде қылмыс жасауға дайындалып жатқаны туралы ақпарат таралып жатыр. Осы факті бойынша Полиция департаменті терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлағаны үшін сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Осы ақпаратты таратқандар анықталып, елдің заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылатын болады», – делінген полиция хабарламасында.

Ведомствоның хабарлауынша, оқу орындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді бейнебақылау камералары және оларға жақын жерлердегі полиция жасақтарын көбейту арқылы күшейтуге баса мән берілген.

«Азаматтардан арандатушылыққа берілмеуді сұраймыз», – деп хабарлады Ақтөбе облыстық Полиция департаменті.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Ғалымжан Жақиянов марқұм досының енді әйелімен соттасып жатыр
Кеше, 18:06

Ғалымжан Жақиянов марқұм досының енді әйелімен соттасып жатыр

Төленге қарсы «алаяқтық» бабы бойынша арыз түсірген.
Сәкен Мамаш 2014 жылдан бастап жәбірленуші Каринамен заңды некеде тұрған.
Қазіргі уақытта өтінішті қарау күні әлі белгіленген жоқ.
Шамамен 200 адам қаржы пирамидасының құрбанына айналған. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →