×

Қазақ тілін талап еткені үшін қамалған павлодарлық белсенді «жындыханадан» шықты

Бұл жайлы Мәжіліс депутаты хабарлады

Қазақ тілін талап еткені үшін қамалған павлодарлық белсенді «жындыханадан» шықты

Кеше Павлодарда тіл жанашыры Руза Бейсенбайтегін жындыханаға қамағаны туралы ақпарат тараған. Бүгін Мәжіліс депутаты Нартай Аралбайұлы бостандыққа шыққанын айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.   

«Қазақ тілінің қамқоршысы, ұлт жанашыры Руза Бейсенбайтегі апайымыз бостандыққа шықты! Өз тілін қорғаған адамды өз елінде қамау ұлтты қорлаумен тең. Апайымызға зор денсаулық тілейміз. Қазақтың қажеті үшін әрі қарай да қажымай еңбек етуді бұйыртсын. Қазақ тілінің жанашырын қапастан құтқару үшін тізе қосқан азаматтардың барлығына алғыс айтамын!» – деп жазды Нартай Аралбайұлы.

Айта кетейік, Руза Бейсенбайтегін кеше полиция мен жедел жәрдем алып кеткені жайлы ақпарат тараған болатын.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Маманның айтуынша, әлеуметтік тәуелділік дегеніміз дәл осы тұрақты жұмыстың болмауынан туындайды
Облыстағы аграрлық мәселелер қалай шешілуде
Жиналған барлық қаражат әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға жұмсалады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →