×

«Қашуға болмайды»: 7-8 балдық жер сілкінісін көрген түркиялық құтқарушылар ақыл-кеңесін айтты

Жер сілкінісі кезінде қалай әрекет ету керек

«Қашуға болмайды»: 7-8 балдық жер сілкінісін көрген түркиялық құтқарушылар ақыл-кеңесін айтты
Фото: Максим Морозов

Түркия мемлекетінің құтқарушылары жер сілкінісі кезінде қалай әрекет ету керектігі туралы кеңес айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Сіздерге бірдеңе айтайын. Жер сілкінісі кезінде тіпті диванның немесе кереуеттің қасында жатсаңыз да, аман қалуыңыз мүмкін. Қашу – ең қауіпті нәрсе. Бастысы – қашпау керек. Үйінділер астында біз марқұмдардың денесін негізінен баспалдақ үстінде табамыз. Дереу қаттылау жерге тұруға тырысыңыз. Өзіңізбен бірге сумен бір қант болуы қажет. Бұл сіздің күшіңізді сақтауға көмектеседі. Өйткені қант адамның ұзақ уақыт тірі қалуына көмектеседі. Сондай-ақ өзіңізбен бірге дауысыңызды еститіндей бірдеңе алып жүруге тырысыңыз. Бұл бәлкім телефон болуы мүмкін. Оның дауысын қосып,  белгі беруге болады. Біраз уақыттан кейін адамның күші қалмайды. Тағы да қайталап айтамын, қашпауға тырысыңыз», – дейді  түркиялық құтқарушы.

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылдың 6 ақпанында тоғыз сағаттық интервалмен Түркияның оңтүстік-шығысында екі үлкен жер сілкінісі болды. Яғни Түркияның оңтүстік-шығысында 7,7, және 7,6 балдық жер сілкіністері болып, дүмпуі Сирияны да әбігерге салған. Ресми дерек бойынша, Түркияның өзінде ғана апат салдарынан 50 мыңнан астам тұрғын қаза тауып, 107 мыңнан астам зардап шеккен.

Бұған дейін 23 қаңтар сағат 00.09-да Алматыда 5 балл зілзала болып, қала тұрғындары үйлерінен сыртқа шыққан, кейбірі жылы киім киіп те үлгермеген еді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қуандық Бишімбаевтың інісі амнистияға ілігу мүмкіндігін пайдаланбақ
Кеше, 12:03

Қуандық Бишімбаевтың інісі амнистияға ілігу мүмкіндігін пайдаланбақ

Қазіргі уақытта өтінішті қарау күні әлі белгіленген жоқ.
Шамамен 200 адам қаржы пирамидасының құрбанына айналған. 
Алматы облысында жол инфрақұрылымын дамыту және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері әрдайым басты назарда.
Бұл постқа пікір жазғандар да мұндай мәселенің бар екенін айтып жатыр.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →