×

Түркиядағы жер сілкінісінен қаза тапқандардың саны 45 мыңнан асты

Бұл туралы AFAD мәлімдеді

Түркиядағы жер сілкінісінен қаза тапқандардың саны 45 мыңнан асты
EPA

AFAD 6 ақпанда Кахраманмарашта болған жер сілкіністері мен одан кейінгі дүмпулерде қаза тапқандар санының 45 089-ға жеткенін жариялады, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі BBC-ге сілтеме жасап.

Жер сілкінісінен зардап шеккен провинциялардан өз қаражаттарымен кеткен немесе мемлекет тарапынан эвакуацияланғаннан кейін барған провинцияларына тіркелгендер саны 1 миллион 971 мың болды.

AFAD бүгінге дейін 358 мың шатыр тігілгенін, 11 провинцияда 332 нүктеде шатырлы қалалар құрылғанын және 10 провинция мен 162 пунктте контейнерлік қала орнатудың жалғасып жатқанын хабарлады.

Шатырлар, контейнерлер, қонақүйлер, жатақханалар және қоғамдық қонақ үйлер сияқты орындарға орналастырылған адам саны 1 миллион 915 мың деп жарияланды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →