×

"Қайырлы күн, қазақ елі": Блинкен Қазақстан халқына алғыс айтты

Ол қазақ тілінде жазба қалдырды

"Қайырлы күн, қазақ елі": Блинкен Қазақстан халқына алғыс айтты
әлеуметтік желілерден

Астанадағы ресми сапары аяқталған АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Twitter парақшасында қазақ тілінде жазба қалдырды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ол жазбасын “Қайырлы күн, Қазақ елі!” деп қазақ тілінде бастап, әрі қарай Мемлекет басшысына және Сыртқы істер министрлігіне алғыс білдірді.

“Менің сапарым сәтті, кездесулерім табысты болды. Құрметпен қарсы алып, С5+1 кездесуін ұйымдастырғаны үшін Қазақстан президенті Тоқаев пен Сыртқы істер министрлігіне алғыс айтамын”, – деп жазды АҚШ Мемлекеттік хатшысы.

Айта кетейік, Блинкеннің Астанаға сапары аясында ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен және Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен кездесті.

Сондай-ақ, Орталық Азиядағы бес республика өкілдерімен «С5+1» форматындағы министрлер кездесуіне қатысты.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →