×

Түркияда зілзала аймағынан 1 миллионнан астам адам кеткен

Түркияда зілзала аймағынан 1 миллионнан астам адам кеткен
Ашық дереккөздерден

Жер сілкінісі болған аймақтағы 1 миллион 116 мың тұрғын басқа қалаларды паналаған

Қазіргі таңда 205 мың 454 адам ел астанасы Анкараға, 154 мың 86 адам Антальяға келген. Тіпті жер сілкінісі сезілген Мерсин қаласын 65 мың, ал Елазығты 50 мың адам паналаған, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

Түркияның 11 қаласын қамтыған 7,7 және 7,6 балдық жер сілкінісінен кейін тұрғындар әуе, құрлық және теңіз жолдары арқылы басқа қалаларға кетті. Олар сондағы қонақүйлерге, жастар және спорт министрлігіне қарасты жатақханаларға, сондай-ақ есігін ашқан ерікті отбасыларына жайғасты.

Жер сілкінісінен аман қалған 1 миллион 116 мың 40 тұрғын басқа қалаларға эвакуацияланды. Тиісті мекемелер мен ұйымдар оларды азық-түлік және киім-кешекпен қамтамасыз етіп жатыр. Ал зардап шеккен ересектер мен балаларға психоәлеуметтік қолдау көрсету мүмкіндіктері де қарастырылған.

Жергілікті әкімдіктерден алынған мәліметтер бойынша зардап шеккендердің көбісі Анкара қаласын паналаған. Жер сілкінісі аймағынан астанаға келгендердің 200 мыңнан астамы әкімдіктің ұйымдастыруымен қонақүйлерге, демалыс орындарына, жастар орталықтарына, жатақханаларға, және үйлерге орналастырылды. Ал 154 мыңнан астамы Антальяны таңдаған. Қаладағы қонақүйлерде, пәтерлерде және жатақханаларда 73 мыңдай зардап шегуші орналасқан. 12 мыңы жатақханада, 4 мыңы қонақ үйлерде. 64 мыңнан астамы өз қаражатымен жалға алған немесе таныстарының үйінде тұрып жатыр.

Жер сілкінісінің әсері сезілген қалалардың бірі - Мерсин. Соған қарамастан бұл шаһарға алғашқы күннен бастап апат аймағынан мыңдаған адам келген. Қазір 65 мың 496 адамның баспана және басқа да қажеттіліктері әкімдіктер тарапынан қамтамасыз етілді. Зілзаладан зардап шеккен Елазығ қаласы да келушілерге есігін айқара ашты. Қалаға Малатья, Адыяман және Қахраманмараштан келген 50 мың жер сілкінісі құрбаны жатақханаларды, қонақ үйлерді және туыстарының баспанасында тұрып жатыр. Сонымен қатар апаттан зардап шеккендер бұдан басқа Конья, Қайсері, Бурса секілді бірнеше қаланы паналауда.
Адыяман қаласына барып, шатырда тұрып жатқан тұрғындармен кездескен Ердоған халықты қалаларын тастап кетпеуге шақырды:

"Басқа шаһарларға кетіп жатқан азаматтарға айтарым: өз қалаңызға ие болыңыз, мекеніңізді тастап кетпеңіз. Сіздерге жаңа қала тұрғызып береміз. Қираған әр үйді жаңадан саламыз. Бүлінген зауыт пен кәсіпорынды қалпына келтіреміз. Әрбір қалаға бұдан да қарқынды экономика, туризм, және белсенді әлеуметтік өмір сыйлаймыз. Біз жарқын болашақты орнатуға бел будық. Мен сіздерден бір жыл сұраймын", - деді Президент.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Генерал ескерткішіне гүл шоқтары қойылды
Бүгін, 12:30

Генерал ескерткішіне гүл шоқтары қойылды

Оның өмір жолы – барша қазақстандықтар үшін үлгі
Бұл күні акцияға қатысушылар 200-ден астам ағаш көшеттерін отырғызды
Бишімбаевтың адвокаты журналистердің сұрақтарына жауап берді
Жер дүмпуінен зардап шеккендер мен қираған нысандар жоқ

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →