Қазақстан Қарулы күштерінің қазіргі жағдайы
Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары-Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы Сұлтан Қамалетдинов Мәжілістегі комитет отырысында Қарулы күштердің қазіргі жағдайы жайлы айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.
«Әскери қызметшілердің әскерден жаппай кетуі ерекше алаңдаушылық тудырып отыр. Жыл сайын олардың саны азаймай отыр. Тек 2020-2023 жылдар аралығында Қарулы Күштерден 17065 әскери қызметші босатылды, оның ішінде 4301 офицер және келісімшарт бойынша 12764 әскери қызметші бар. Салыстыру үшін, бұл шамамен 15 бригаданың санына пара-пар», – деді Қамалетдинов.
Ол атағандай, төрт жыл ішінде Қарулы күштерден 17065 әскери қызметші жұмыстан шығарылды, оның ішінде:
«Бүгінде Армияны әскери қызметкерлермен қамтамасыз ету кәсіби дайындалған кадрлардың жоғалуын өтемейтінін ескеру қажет. Осы кезеңде Қарулы Күштер қатарына 14311 әскери қызметші қосылды», – деді ол.