×

Ұлттық қордан балаларға неге аз ақша түсті – Қаржы вице-министрі түсіндірді

Ұлттық қордан балалардың шотына неге уәде етілген ақшадан 60 доллар аз түсті

Ұлттық қордан балаларға неге аз ақша түсті – Қаржы вице-министрі түсіндірді
Фото: ашық дереккөзден

Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков Ұлттық қордан балалардың шотына неге 160 доллар емес, 100 доллар түскенін түсіндірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қаржы вице-министрі мұның себебін бала туу көрсеткішімен байланыстырды.

«Ұлттық қордан балалардың есепшотына қаражат аудару туралы Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев  2022 жылы Жолдауында  айтты.  Сол кездегі есеп бойынша Президент тапсырмасына сәйкес 18 жасқа дейінгі әр баланың жеке есепшотына 150-160 АҚШ доллары мөлшерінде  түседі деп бағамдадық. Ол  кезде еліміздегі  кәмелеттік жасқа толмаған балалардың саны 6 миллион 400 болатын. Бүгінде балалардың саны 6 миллион 917 мыңға жетті. Ұлттық қордан бөлінген қаражаттың сомасы – 695 миллион  доллар.  Осы соманы 6 миллион 919 мың 131 балаға бөлгенде 100 доллар 52 центтен аударылды», – деді вице-министр.

Оның айтуынша, Үкіметтің, Ұлттық банктің және Қаржы министрлігінің алдында инвестициялық кірісті арттыру міндеті тұр.

Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық балалар Президенттің бастамасымен қолға алынған «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы бойынша ақшаны 1 ақпаннан кешіктірмей алатыны айтылған еді. Бүгін, яғни 1 ақпан күні Ұлттық қордан алғашқы төлемдер түсе бастады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстанда қай өңір тұрғындары шылымды көп шегеді?
Бүгін, 12:20

Қазақстанда қай өңір тұрғындары шылымды көп шегеді?

Ауылдық жерлерде темекі шегетіндердің үлесі 22,3%, қалалық жерлерде – 20% құрады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →