×

«Алтын Орда» базары төңірегіндегі тайталас: Экс-атқарушы директор Марқабаевқа есірткі салып жіберген – адвокат

Адвокаттар есірткіні Марқабаевқа салып жіберген деп санайды

«Алтын Орда» базары төңірегіндегі тайталас: Экс-атқарушы директор Марқабаевқа есірткі салып жіберген – адвокат
Фото: ашық дереккөзден

Қырғыз азаматы, Алматыдағы «Алтын Орда» базары директорының орынбасары болған Ермек Марқабаев бүгін соттағы соңғы сөзін айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Еске сала кетейік, ол былтыр Алматы – Бішкек тасжолында 2 маусымда ұсталған. Кейіннен Ішкі істер министрлігі оған есірткі, қару-жарақ пен жарылғыш заттарды заңсыз алып жүрді деген айып тағылғанын хабарлаған.

Сол кезде әлеуметтік желіде Марқабаевты қарулы күш тобы ұстап жатқаны түсірілген видео тараған болатын. Айыпталушының өзі мен адвокаты біреулер аяқтан шалу үшін осындай қитұрқы әрекетке барды деп санайды.

Ермек Марқабаев соттағы соңғы сөзінде ұсталуын нарықтағы монополиямен күресу әрекетімен байланыстыратынын айтты.

«Менің түрмеде отырғаныма 8 ай болды және мені неге бұлай қорлағанын түсіне алмаймын.  Өзім базар нарығы мен қазақстандықтардың игілігі үшін адал еңбек еттім. «Алтын Орда» базарындағы монополияға қарсы күрескеніме байланысты осылай құрбан болып отырмын. Қызметте жүргенде кім хабарласып өтініш айтпады десеңізші?! Арасында қорқытып, үркіткендер де жетерлік. Мен заңға бағынатын азаматпын, ешқашан заң бұзған емеспін», – деді ол.

Бұған дейін прокурор базар директорының бұрынғы орынбасарын 5 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған болатын. Оған есірткі сақтады деген айып тағылып отыр.

Айыпталушының адвокаттары есірткіні Марқабаевқа салып жіберген деп санайды. 

Адвокаты Динара Жұбатованың айтуынша, оған ҚР ҚК 296-бабы 4-бөлігі (Аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау) бойынша тергеу жүргізілген. Қорғауындағы азамат дініне берік, есірткіге мүлдем жоламайтын жан дейді. Күніне бес рет намазын қаза қылмапты.

«Полиция қызметкерлеріне сол кезде қоңырау түседі. Бірден шұғыл қимылдап, Алматы – Бішкек тасжолына жетіп барады. Сосын біртіндеп көліктерді тоқтата бастайды. Бір қызығы, олар қандай нөмір екенін білмеген. Сөйтіп, олар атыс қаруын таппайды. Көлікке қару салуға батылдары жетпейді. Себебі, ол қарудың кейін қайдан алынғаны анықталуы мүмкін. Сондықтан есірткіні таңдаған», – дейді  Динара Жұбатова.

Ол кәсіпкерден 1,796 грамм "мефедрон" табылғанын атап өтті. Егер оның кінәсі дәлелденсе, бұл қылмыс үшін бас бостандығынан айыру мерзімі үш жылдан жеті жылға дейін болуы мүмкін.
Бірақ адвокаты қан және несеп анализін тапсырғанда ондай ештеңе болмаған деп отыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Адамдар темекіні дерт деп қабылдамайды»: Ташкентте шылымға деген тәуелділіктен арылудың жаңа әдістері талқыланды
Бүгін, 11:28

«Адамдар темекіні дерт деп қабылдамайды»: Ташкентте шылымға деген тәуелділіктен арылудың жаңа әдістері талқыланды

Никотин өнімдерінің зиян деңгейін зерттеу бірнеше жыл бойы жалғасып келеді
«Ойжұмбақ 2», «Моана 2» және «Муфаса: Арыстан патша» фильмдерін қазақ тілінде тамашалауға болады
Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою рәсімі өтті
Аймақ басшысы өз борышын өтеуге енді келген жас сарбаздармен тілдесті

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →