×

Қуанышты жаңалық: Министр сынып жетекшілерінің жалақысын үш есеге көтеретінін айтты

Биылдан бастап қосылуы да мүмкін

Қуанышты жаңалық: Министр сынып жетекшілерінің жалақысын үш есеге көтеретінін айтты
Фото: baq.kz

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектептердегі сынып жетекшілерінің жалақысы үш есе көбеюі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz. .

«Сынып жетекшісіне төлейтін қаржыны көтеруіміз керек. Үш есе өсіруіміз қажет. Бүгінгі күні 8 мың теңге болса, 30 мыңға дейін жеткізуіміз керек. Бұл үлкен көмек болады. Балаға ықпал ету үшін сынып жетекшісі міндетті түрде сабақ бергені жақсы. Ол тек сынып жетекшісі болатын болса, балаға сабаққа қатысады да, жетекшісінен алшақ жүреді. Бұл мәселе талқылану үстінде. Бәрі сәтті шықса, биылдан бастап қосылуы да мүмкін», – дейді министр.

Бұған дейін Ғани Бейсембаев  мектеп басшыларының айлығын да көтеруге мән беруіміз керек деген болатын. Сондай-ақ елдегі балабақша тәрбиешілерінің жалақысын 30%-ға арттыру көзделіп отыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Бельгияда өскен Жәнібектің ісін танымал адвокат қолға алды
Бүгін, 02:52

Бельгияда өскен Жәнібектің ісін танымал адвокат қолға алды

Қымбат Досжан Жәнібектің биологиялық әкесі болуы мүмкін адам жайлы да пікір білдірді.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →