×

Жантүршігерлік оқиға: Екі жас баласын өлтірді деген әйелге қатысты тың дерек шықты

Жантүршігерлік жағдай

Жантүршігерлік оқиға: Екі жас баласын өлтірді деген әйелге қатысты тың дерек шықты
Фото: ашық дереккөзден

7 ақпанда Түркістан қаласының жалдамалы пәтерлерінің бірінен екі жас баланың денесі табылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Облыстың бас полицейі Мұрат Қабденов қылмыстық істің фактісін растап, балалардың денесі өлім себебін анықтау үшін сараптамаға жіберілгенін хабарлады.

Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтау және балалардың қайтыс болғаны мен олардың мекенжайы туралы құрбысына хабарлаған ананың, яғни Қызылорда облысы тұрғынының орналасқан жерін анықтау мақсатында қажетті жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

«Істің тергеу барысы менің жеке бақылауымда. Тұрғындардан жалған ақпарат таратпауды сұраймын. Жалған ақпарат таратқанға жауапкершілік қарастырылғанын ескертемін және азаматтарды тек ресми дереккөздерден алынған мәліметтерге сенуге шақырамын», – деді облыстық полиция басшысы.

Өз балаларын тұншықтырып өлтірді деген күдікпен іздестіріліп жатқан әйел Қызылорда облысы Шиелі ауданындағы А.С.Пушкин атындағы №46 мектеп-лицейде мектепке дейінгі сыныпта тәрбиеші болып жұмыс істеген. 

«Жағдай әлі толық зерттелген жоқ және әзірге ешқандай нақты ақпарат жоқ. Болжам жасап, жалған ақпарат таратпауға шақырамыз», – деді Шиелі аудандық білім бөлімінің өкілдері.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

9 шақырым болатын 16 көшеге жаяу жүргіншілер жолы салынды
Кәсіпкерліктің экономикадағы үлесі осы жылы 21%-ға жетеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →