×

Түркістан облысында жоғалып кеткен малшылардың бірінің мәйіті табылды

Олар ауа райының қолайсыздығы салдарынан адасқан

Түркістан облысында жоғалып кеткен малшылардың бірінің мәйіті табылды
Фото: ашық дереккөзден

Түркістан облысында бір күн бұрын жоғалып кеткен екі азамат табылды. Өкінішке қарай, біреуі қайтыс болып кеткен, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Облыстық ТЖД мәліметінше, 1975 және 1989 жылдары туған екі адам 7 ақпанда Түлкібас ауданының Керейт ауылынан мал іздеуге шығып, ауа райының қолайсыздығы салдарынан адасып кеткен.

«Іздеу жұмыстары ауа райының нашарлауымен қиындады. Іздеу тобы 1989 жылы туған азаматты Шынбұлақ ауылынан тапты. Өкінішке қарай, 1975 жылы туған азаматтың денесі табылды», – делінген хабарламада.

Іздестіру-құтқару жұмыстарына 48 адам, 4 техника, 2 дроннан құралған Түркістан облысы ТЖД, ЖАО күштері мен құралдары және жергілікті тұрғындар жұмылдырылды.

«Қыс мезгілінде қауіпсіздік ережелерін сақтап, дауылды ескертулерге назар аударыңыз және ауа райы нашарлаған жағдайда үйде болыңыз», – деді ТЖМ өкілдері.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстанның бір қаласында ғана «Жеңіс парады» өтетін болды
Бүгін, 17:40

Қазақстанның бір қаласында ғана «Жеңіс парады» өтетін болды

Іс-шараны Ресей Федерациясы қаржыландырады
Қуғын-сүргін бойынша деректі материалдың массиві анықталды ма
Алматы қаласында іскерлік белсенділік артты
Акцияны қолдау мақсатында Жамбыл ауданында бірқатар іс-шаралар өтуде

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →