×

Қазақстандықтар Ұлттық қордан түскен жинақтарын пайдалана бастады

Жастар Ұлттық қордан түскен қаражатты қалай пайдаланып жатыр?

Қазақстандықтар Ұлттық қордан түскен жинақтарын пайдалана бастады
Фото: ашық дереккөзден

"Отбасы банкінің" хабарлауынша, бұл жағынан оңтүстік өңірдің жастары пысықтығымен көзге түсіпті. Тараз бен Шымкент алда дейді, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТ телеграм-арнасына сілтеме жасап.

Балаңыз 18-ге толып па еді? Онда "Отбасы банктің" enpf-otbasy.kz платформасына өтіңіз. Баланың шотындағы ақшаны «жарату» керек болса, ол шаруаның барлығын онлайн режимде бітіруге болады.

Ең алдымен enpf-otbasy.kz платформасында шот ашу керек. Оны "Отбасы банк" «ағымдағы шот» деп атайды.

Егер «Ұлттық қор – балаларға» жобасының қатысушысы "Отбасы банкінің" клиенті болса, онда ағымдағы шот платформада ашылады.

Егер жобаға қатысушы осы уақытқа дейін банктің клиенті болмаса, онда ағымдағы шотты "Отбасы банкінің" жаңа мобильді қосымшасында ашуға болады. Ол үшін App store/Play market дүкенінен «Otbasy bank lite» мобильді қосымшасын жүктеп алу қажет.

Сонымен қатар otbasybank.kz порталында да шот ашуға болады. Болмаса, банк бөлімшелерінде, кеңесшілердің көмегімен немесе банктің hcsbk.kz сайтына өтіп, видео-қоңырау арқылы ашуға болады.

Одан кейінгі қадамыңыз былай болады:
– www.enpf-otbasy.kz платформасына өтесіз;
– жеке кабинетке өтесіз;
– БЖЗҚ-дан қаражат алуға сұрау саласыз;
– сосын өз мақсатыңызды таңдайсыз: баспана алуға немесе оқуға.

БЖЗҚ қаражаты ағымдағы шотқа түсуі керек. Содан соң порталда ақшаны қай мақсатқа пайдаланатыныңызды растайтын құжаттарды жүктейсіз. Банк Сіз берген өтінімді, жүктелген құжаттарды тексереді. Оң шешім қабылданса, қаражат клиент мақсатына орай бағытталады.

Қазақстан бойынша бірінші болып ағымдағы шотты ашқан Диас есімді тараздық студент екен. Ол өзіне тиесілі қаражатты "Отбасы банкінің" депозитіне салып, болашақта баспана алуға қаражат жинаймын деп жоспарлапты. Студент үшін дұрыс-ақ қадам.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматыдағы «Достық» саябағы тазартылды
Бүгін, 17:28

Алматыдағы «Достық» саябағы тазартылды

«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында
Мерекелік шаралар қаланың барлық аудандарында өтті
Іс-шараны Ресей Федерациясы қаржыландырады
Қуғын-сүргін бойынша деректі материалдың массиві анықталды ма

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →