×

Ғаламтордан алып, қоя салған: кеше ғана бекітілген Ұлытау облысының төлтаңбасы қайта таңдалатын болды

Ғаламтордан алып, қоя салған: кеше ғана бекітілген Ұлытау облысының төлтаңбасы қайта таңдалатын болды
tengrinews.kz

Конкурс нәтижесі бойынша кеше ғана бекітілген Ұлытау облысының төлтаңбасы тұрғындардың қызу пікірталасынан кейін қайта таңдалатын болды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі өңір әкімдігіне сілтеме жасап.

«Облыс төлтаңбасы мәселесі әлеуметтік желілерде қызу пікірталас тудырды. Осыған байланысты конкурс қорытындыларын және сәйкесінше конкурстық комиссияның нәтижелерін жою туралы шешім қабылданды», - делінген Ұлытау облысы әкімдігінің Facebook-парақшасында.

18 қаңтар күні өңір әкімдігі төлтаңбаны таңдау конкурсының нәтижесін жариялаған болатын. Конкурсқа республиканың түпкір-түкпірінен 130-ға жуық ұсыныс түскен. Барлық эскиздер 2022 жылғы 12-18 желтоқсан аралығында арнайы ұйымдастырылған көрме аясында Жезқазған тұрғындары мен қонақтарының назарына ұсынылған.

Ұлытау облысының төлтаңбасын тұрғындар Instagram-да танымал парақшалардың бірінде дауыс беру арқылы таңдаған. Нәтижесінде ұлытаулық дизайнер, Еуразия дизайнерлері одағының мүшесі Шахибаден Сейіткеновтің жұмысы жеңіске жеткен.

Төлтаңбаны таңдау бойынша арнайы комиссия да құрылған. Оның құрамына өңірге танымал ғалымдар, суретшілер, тарихшылар және құрметті ардагерлер енген.

Дегенмен, әлеуметтік желі қолданушылары облыс рәмізін бекіткен комиссияның әрекетін сынға алды.

Сондай-ақ, желі қолданушылары төлтаңбаға арналған таулардың сұлбасын Pixabay.com сайтының тегін суреттер банкінен алуға болатынын жарыса жазды.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →