×

БҚО-да күдікті көршілеріне оқ жаудырды

Оқиға 18 ақпанда болған

БҚО-да күдікті көршілеріне оқ жаудырды
Фото: ашық дереккөзден

БҚО-ның Ақсай қаласында оқ атып, ер адамды аяғынан жарақаттаған тұрғын ұсталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

БҚО полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 18 ақпанда болған.

Сол күні кешкісін күдікті көршісінің үйіне барады. Кейін сол үйге қонаққа келген ер адам екеуінің арасында жанжал туындайды. Содан кейін күдікті кетіп қалып, қайта оралып келіп, оқ ата бастайды. Оның бір оғы аулада тұрғандардың бірінің аяғына тиеді. Оқ атқан адам оқиға орнынан қашып кетеді.

«Бөрлі аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері күдіктіні ұстау үшін дереу жедел іздестіру шараларын жүргізді. Нәтижесінде полиция қызметкерлері күдіктіні оқиғаның ізін суытпай қолға түсірді, ол уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қылмыстық қару тәркіленіп, іс материалдарына тігілді. Қазіргі кезде адам өлтіруге оқталу бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде», - деп хабарлады полицияда.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Мұны мен мистика деп атаймын»: Базарбек мемлекеттік органдардың есебіне күмәнданатынын ашық айтты
Бүгін, 20:30

«Мұны мен мистика деп атаймын»: Базарбек мемлекеттік органдардың есебіне күмәнданатынын ашық айтты

 Ұлттық қорға қаражат аударатын мұнай компанияларының саны 8,5 есе азайған
Әзілкеш құны 50 млн тұратын талон сатқан
Жобаға бюджеттен 7,5-8 миллиард теңге бөлінген
Ғимараттың қасбетіне өз бетімен кондиционер орнату – заң бұзушылық

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →