×

Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлерге материалдық өтемақы төленеді

Мемлекеттік қызметкерлердің баспана мәселесін де тиісті деңгейде шешу керектігі айтылды

Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлерге материалдық өтемақы төленеді
Фото: pixabay.com

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еңбекқор мемлекеттік қызметкерлерге материалдық өтемақы төлеу мәселесін қарастыруды тапсырды, деп хабарлады Qaz365.kz.

Мемлекет басшысының айтуынша, жеке сектордан білікті мамандарды мемлекеттік қызметке қабылдау ережесін анағұрлым еркін әрі жеңіл етіп жасау қажет. Себебі бизнес, ауыл шаруашылығы, қаржы, медицина, білім және басқа да секторларда табысты еңбек етіп жүрген адамдар жеткілікті. Осы орайда мемлекеттік қызметтің гибридті моделін енгізуді жалғастырған жөн. Ал мемлекеттік қызметтің тартымдылығын арттыру үшін жеке сектормен бәсекелес еңбекақы белгілеу керек.

«Әрине, жалақы мен сыйақыны шектен тыс көп беруге болмайды. Бірақ таңертеңнен кешке дейін, уақытпен санаспай жұмыс істейтін мемлекеттік қызметкерлерге белгілі бір деңгейде материалдық өтемақы төленуі керек деп санаймын. Мәселе өте өзекті. Біз мұны мемлекеттік қызметшілердің пайдасына шешеміз», – деді Тоқаев президенттік жастар кадр резервінің форумында.

Президент мемлекеттік қызметкерлердің баспана мәселесін де тиісті деңгейде шешу керектігін атап өтті.

«Бұл мәселе бойынша Сингапур және басқа да елдердің тәжірибесіне назар аударған жөн. Олардың мемлекеттік басқару жүйесіндегі тиімді әдіс-тәсілдерді қарастыру қажет», – деді Тоқаев.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматыда BRT құрылысы кезінде шекаралар өзгереді, жиектер ауыстырылады
Бүгін, 09:26

Алматыда BRT құрылысы кезінде шекаралар өзгереді, жиектер ауыстырылады

Көшелерді орташа жөндеу барысында жиектердің шамамен 3% өзгереді
Жамбыл облысында «Таза Қазақстан» аясында 130 мыңға жуық жасыл желек отырғызылды.
Жобаның басты мақсаты – дәстүрлі және жаңа медианы ұштастыру

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →